Атырау мұнай өңдеу зауытында бензолды тиеп жөнелтуден

04.07.2016
1224 просмотров
Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңа өнімді өнеркәсіптік партиямен шығара бастады. 2016 жылдың 4 шілдесінде бензолдың алғашқы партиясы тиеп жөнелтілді.
    Атырау мұнай өңдеу зауытында өнеркәсіптік бензолдың өндірілуі мен сатылымға шығарыла бастауы – зауытты қайта жаңғырту нәтижесіндегі шығарылатын өнімдердің түрлерін кеңейтудегі маңызды кезең. 300 тонна көлеміндегі бензолдың алғашқы партиясы Ресей Федерациясының Тула облысына бағыт алды.
    Атырау мұнай өңдеу зауыты бензол өндірісін қолға алу мен тәжірибелік партиясын шығару туралы мүмкіндігін 2015 жылдың 3 шілдесінде мәлімдеген болатын. Бензол- химиялық өнеркәсіп өнімдерінің маңызды ондығына кіреді. Бензиннің құрамында болады, әр түрлi пластмассалардың өндiрiсi, синтетикалық резеңке, дәрi, бояулар үшiн бастапқы шикiзат болып табылады. Бензол бастауы болатын ароматикалық көмірсутектер пластмассалардың физикалық салмағында 30%, кәушіктер мен резеңкелерде 66%, синтетикалық талшықтарда 80%-ды құрайды. Бұл тұрғыда Қазақстандағы бензолдың өнеркәсіптік өндірісі мұнайхимия саласын дамытуда үлкен маңызға ие.  
Бензол зауытта 2015 жылы іске қосылған каталитикалық риформинг қондырғысында (CCR) өндіріледі. 2016 жылы қондырғы бензолды бөліп алатын  отындық баламасына көшірілген. Осының арқасында «АМӨЗ»-де бензолды бөліп алу арқылы сапасы жақсартылған, экологиялық таза отын болатын жоғарыоктанды бензин өндірісі артты. Бензолды жоғары бағалы өнім ретінде шығару қолға алынды.  
Зауытта осы кезеңде бензолды өндірудің айлық жоспары 500 тоннаны құрайды. Бұл көлем бензин құрамындағы бензолды 5 тен 1 пайызға дейін азайтуға жеткілікті. Сонымен автомобильден шығатын улы заттар азайып, қоршаған ортаны ластау барынша төмендейді. Бүгінде 1000 тонна бензол дайындалды.
Кәсіпорында бензолды шығару өндірісін ұлғайту, бүгінде аяқталу сатысындағы АКШ «Paramaх – PX» қондырғысын (Ароматикалық көмірсутектер өндірісі кешені) іске қосқаннан кейін жүзеге асырылмақ.
    «ҚазМұнайГаз-өңдеу-маркетинг» АҚ Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ароматикалық көмірсутектер өндірісі кешені құрылысына АҚШ, Оңтүстік Корея, Қытай және Таяу Шығыс елдерінде қолданылатын және әлемдік компаниялар жасақтаған тиімді технологиялар алынған.
Ароматикалық көмірсутектер өндірісі кешенінде бензолды бөліп алу блогы өнімді 99,9% таза шығара алады. Мұндай көрсеткіш халықаралық стандарттарға жауап бере алады және өнімді әлемдік нарыққа шығаруға мүмкіндік береді.  

«АМӨЗ» ЖШС бұқарамен байланыс жөніндегі қызметі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу