Компания туралы
Бос орындар
Баспасөз орталығы
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Компания туралы
Компания туралы
Компания басшылары
Тарих
Экология және қауіпсіздік
Сапа, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат
Қоршаған ортаны қорғау
Энергия тиімділігі бағдарламасы
Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары
Парниктік газдардың атмосфераға шығарындылары
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару
Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Өндірістік экологиялық мониторинг
Компанияның жеке (өндірістік) қажеттіліктеріне су тұтыну және су бұру
Еңбекті қорғау
Өрт қауіпсіздігі
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
TAZALYQ жобасы
Өнім
Өндіріс
Жалпы өсімдік шаруашылығы
Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені
Гидрогенизациялық процестер өндірісі
Мұнайды терең өңдеу өндірісі
Мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау өндірістік нысаны
ПКИС
ППНГО
Жылу және электр энергиясы өндірісі
Зауыттың орталық зертханасы
ГТЭС
ISO
Мақсаттары мен міндеттері
«АМӨЗ» ЖШС-нің саясаты
Сертификаттар
Әлеуметтік сала
Тұрғын үй құрылысы
Медицина орталық
Медициналық сақтандыру бағдарламасы
Балалар демалысы
Оқыту
Асханалар
Ардагерлерге қамқорлық
Тарих және еңбек даңқтары залы
Техникалық кітапхана
Мәдени-көпшілік шара
Әлеуметтік қолдау
Спорттық жұмыс
Активтер
Сатып алулар
Жылдық сатып алулар жоспары
Ұзақ мерзімді
сатып алулар жоспары
Нормативтік құжаттар
Қосымша ақпараттар
Мұрағат
Сатып алулар
Модернизациялау
«Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы» жобасын іске асыру
«Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені» жобасын іске асыру
Идеялар банкі
Блог
Жазбаша өтініштер
Компания туралы
Бос орындар
Баспасөз орталығы
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Рус
Қаз
Eng
Негізгі
Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
Атырау мұнай өңдеу зауыты Сенат депутаттарына экологиялық жобаларын таныстырды
Атырау мұнай өңдеу зауыты Сенат депутаттарына экологиялық жобаларын таныстырды
25.04.2025
24 просмотров
Н. Балғымбаев атындағы даму және коммуникациялар орталығында ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің көшпелі отырысы өтті. Жиынға сенаторлар, экология және энергетика министрлігінің, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының өкілдері, сондай-ақ Атырау облысы әкімдігі, мәслихаты мен өңірдегі ірі кәсіпорындардың жауапты мамандары қатысты.
Шараның басты тақырыбы — түрлі салаларға «жасыл» инвестицияларды тарту және ең озық қолжетімді технологияларды енгізу бойынша мемлекеттік қолдау мәселесін талқылау болды.
Жиында Атырау мұнай өңдеу зауытының еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және азаматтық қорғаныс департаментінің директоры Еркін Сүлейменов кәсіпорынның экологиялық қызметі туралы баяндады. Ол қатысушыларға зауыттың экологиялық көрсеткіштері, экономиканы дамытудағы үлесі, сондай-ақ табиғатты қорғауға бағытталған шаралары туралы айтты.
Е.Сүлейменовтің сөзінше, 2024 жылы механикалық тазарту қондырғыларын реконструкциялау нәтижесінде АМӨЗ атмосфераға шығарылатын ластаушы заттар көлемін 525 тоннаға қысқартқан. Парниктік газдар шығарындылары 1,5 млн тоннаны құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 41 294 тоннаға азайған.
Еліміздің үштен бірін жеңіл мұнай өнімдерімен қамтитын зауыт энергетикалық қауіпсіздікті дамытуда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, АМӨЗ жыл сайын экологиялық төлемдер мен салықтар арқылы ел экономикасына айтарлықтай үлес қосып отыр. Мәселен, 2024 жылы зауыт қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 321 млн теңге төледі. Ал бюджетке 154,7 млрд теңге төлеп, еліміздегі 15 ірі салық төлеушінің қатарына кірді.
Ең озық қолжетімді технологияларды енгізу бағытында АМӨЗ қоршаған ортаға әсерді азайтуға арналған бірқатар шараларды іске асыруда. Атап айтқанда, 2022 жылдан бастап мұнай және бензин сақтау резервуарларына кезең-кезеңімен понтондар орнатылып жатыр. Бүгінде 7 понтон монтаждалып, болашақта тағы 13 понтон орнату жоспарланған. Бұл шара көмірсутектің булануын 80%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ ЭЛОУ АТ-2 технологиялық қондырғысының пештерінде ескірген 36 дана жанарғы ауыстырылды. Нәтижесінде зиянды шығарындылар көлемі жылына 252 тоннаға азайды. Механикалық тазарту қондырғыларын реконструкциялаудың арқасында 258 мың м³ ағынды су қайта пайдалануға жіберілді.
2024 жылы АМӨЗ-дің төрт технологиялық қондырғысына эмиссияларды мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Экологиялық бақылау құралдары пештер мен қазандықтардан шыққан түтін газдарындағы күкірт ангидриді, күйе, азот тотығы және көміртек тотығының мөлшерін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Жиналған деректер әр 20 минут сайын «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесі арқылы бақылаушы органдарға жіберіледі.
Баяндама соңында Е.Сүлейменов жиналғандарды АМӨЗ-дің табиғатты қорғауға бағытталған жаңа жобаларымен таныстырды. Олардың негізгілерінің бірі — баяу кокстеу қондырғысында мұнай буын ұстау блогын салу. Бастама ескі жабдықтарды жаңартып, реакторларды үрлеу кезінде көмірсутек буын ұстауға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру нәтижесінде атмосфераға шығарылатын зиянды заттар көлемі жылына 131,7 тоннаға азаяды деп күтілуде.
Кейін комитет отырысына қатысушылар Атырау мұнай өңдеу зауытына келіп, жаңартылған механикалық тазарту қондырғыларының жұмысымен танысты. Кездесу соңында зауыттың қоршаған ортаға әсерін азайту және экологиялық қауіпсіздігін арттыру бойынша жоспарлар талқыланды.
«АМӨЗ» ЖШС Баспасөз қызметі
Поделиться в социальных сетях:
Назад к списку новостей
Жаңалықтар
Сурет галереясы
Бейне галереясы
Корпоративтік БАҚ
Барлығы
AMOZ Alemi газеті
Еңбек адамы
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу
Таратуға жазылу
Email
*
Жазылу
Закрыть
Жеке кабинетке кіру
Логин
Құпиясөз
Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?
немесе
тіркелу
Парольді қалпына келтіру
E-Mail:
*