Зауыттың булану алаңына аққулар қонды

03.04.2025
167 просмотров
Зауыттың булану алаңына аққулар қонды
   Тазарту қондырғыларын жаңғыртудың нәтижесінде ағынды судың сапасы артып, зауыттың булану алаңдарындағы экологиялық жағдай айтарлықтай жақсарды. Мұнда аққулар, сонымен қатар үйректер мен шағаланың бірнеше түрі мекендейді. Жыл сайын Қызыл кітапқа енген қоқиқаздар да ұя салуға ұшып келеді.
   2019 жылдан бері Атырау мұнай өңдеу зауытында Tazalyq жобасы жүзеге асырылуда. Бастама ағынды суды тазарту тиімділігін арттырып, қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. 

   Жоба аясында зауыттың механикалық тазарту қондырғылары жаңартылды. Қазір кешен сағатына 1 000 текше метр су тазартып, айына орташа есеппен 20 мың текше метр мұнай шламын өңдейді.

   2023 жылдан бері Tazalyq жобасы аясында булану алаңдарының АМӨЗ-ге тиесілі жалпы аумағы 860 га құрайтын бөлігіне рекультивация жүргізілуде. 
Аумақ 4 секторға бөлінген. Бірінші және екінші сектор толықтай құрғатылды. 3-4 секторды қалпына келтіру шаралары зауыттың ағынды суын ағызу бағыты анықталғаннан кейін басталады.

    Бүгінде зауыттың ағынды суын Атырау қаласының кәріздік тазарту станциясына бағыттау бойынша келіссөздер жалғасуда.

“АМӨЗ” ЖШС баспасөз қызметі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу