Компания туралы
Бос орындар
Баспасөз орталығы
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Компания туралы
Компания туралы
Компания басшылары
Тарих
Экология және қауіпсіздік
Сапа, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат
Қоршаған ортаны қорғау
Энергия тиімділігі бағдарламасы
Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары
Парниктік газдардың атмосфераға шығарындылары
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару
Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Өндірістік экологиялық мониторинг
Компанияның жеке (өндірістік) қажеттіліктеріне су тұтыну және су бұру
Еңбекті қорғау
Өрт қауіпсіздігі
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
TAZALYQ жобасы
Өнім
Өндіріс
Жалпы өсімдік шаруашылығы
Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені
Гидрогенизациялық процестер өндірісі
Мұнайды терең өңдеу өндірісі
Мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау өндірістік нысаны
ПКИС
ППНГО
Жылу және электр энергиясы өндірісі
Зауыттың орталық зертханасы
ГТЭС
ISO
Мақсаттары мен міндеттері
«АМӨЗ» ЖШС-нің саясаты
Сертификаттар
Әлеуметтік сала
Тұрғын үй құрылысы
Медицина орталық
Медициналық сақтандыру бағдарламасы
Балалар демалысы
Оқыту
Асханалар
Ардагерлерге қамқорлық
Тарих және еңбек даңқтары залы
Техникалық кітапхана
Мәдени-көпшілік шара
Әлеуметтік қолдау
Спорттық жұмыс
Активтер
Сатып алулар
Жылдық сатып алулар жоспары
Ұзақ мерзімді
сатып алулар жоспары
Нормативтік құжаттар
Қосымша ақпараттар
Мұрағат
Сатып алулар
Модернизациялау
«Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы» жобасын іске асыру
«Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені» жобасын іске асыру
Идеялар банкі
Блог
Жазбаша өтініштер
Компания туралы
Бос орындар
Баспасөз орталығы
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Рус
Қаз
Eng
Негізгі
Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
Атырау мұнай өңдеу зауытында Әз-Наурыз тойланды
Атырау мұнай өңдеу зауытында Әз-Наурыз тойланды
20.03.2025
203 просмотров
«АМӨЗ» ЖШС ұжымы биыл да Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін ерекше көңіл күймен қарсы алды. Кәсіпорынның 80 жылдық мерейтойы мен Жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі аясында қызметкерлердің қатысуымен мәдени-спорттық шаралар өтіп, ұжымның бірлігі нығая түсті.
Мерекелік шаралар легі ежелгі дәстүр — Көрісуден басталды. Зауыт аумағында құрылған этноауылда еңбеккерлер бір-бірімен қуана қауышып, аман-саулық тілесті. Ал өндірістік нысандар мен әкімшілік ғимараттар айналасын тазартуға бағытталған экологиялық тимбилдингке 100-ге жуық қызметкер қатысты. 17 наурызда жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен «AMOZIUM Nauryz Edition» интеллектуалдық сайысы, сондай-ақ «Ізгілікке үлес қос» қайырымдылық акциясы өтті. Қаладағы спорт кешендерінде кәсіпорын қызметкерлері мен ардагерлері арасында садақ ату, асық ату, арқан тартыс, қазақ күресі мен дойбыдан дәстүрлі турнир ұйымдастырылды. Мұнай өңдеушілер қала орталығында өткен ұлттық киімдер шеруіне де қатысып, мәдени мұрамыздың маңызын айшықтай түсті.
Ұлыстың ұлы күнін тойлау аясындағы басты мерекелік шара 20-шы наурызда өтті. АМӨЗ қызметкерлері этноауылға көптеп жиналып, мерекенің мерейін асқақтатты. Дүйім жұрт зауыт өнерпаздары мен жергілікті әртістер әзірлеген концерттік бағдарламаны зор ықыласпен тамашалады. Әсіресе есеп беру бөлімі мамандарының ән шашуы мен жастардың заманауи биі көптің көңілінен шықты.
Іс-шарада сөз алған
«АМӨЗ» ЖШС Бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Сәлімжан Нақпаев
жиналғандарды ұлыс тойымен құттықтап, Наурыз – күллі қоғамды ұйыстыратын негізгі құндылықтарымыздың бірі, ал оны жаңаша форматта атап өту – рухани болмысымызды жаңғыртудың айрықша мүмкіндігі екенін айтты.
Мерекелік шара барысында спорттық турнир жүлдегерлері, «Үздік ұлттық киім» номинациясының жеңімпаздары мен зауыттың белсенді жастары марапатталды.
«АМӨЗ» ЖШС Баспасөз қызметі
Поделиться в социальных сетях:
Назад к списку новостей
Жаңалықтар
Сурет галереясы
Бейне галереясы
Корпоративтік БАҚ
Барлығы
AMOZ Alemi газеті
Еңбек адамы
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу
Таратуға жазылу
Email
*
Жазылу
Закрыть
Жеке кабинетке кіру
Логин
Құпиясөз
Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?
немесе
тіркелу
Парольді қалпына келтіру
E-Mail:
*