Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері Көрісу күнін тойлады

14.03.2025
206 просмотров
Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері Көрісу күнін тойлады
Жұмыс киімдерін ұлттық нақыштағы киімге ауыстырған еңбеккерлер таң атысымен қуана қауышып, төс қағыстыра көрісті. Зауыт жастары үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алуға асықты. 
Мерекеге орай, зауыт аумағы нағыз этноауылға айналды. Ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, театрландырылған қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Онда айтулы күннің мән-маңызы айшықталып, ұмыт қалған дәстүрлер паш етілді. Этноауыл іргесіне құрылған қора-жайдағы қой-ешкі, жайлаудағы қазақ ауылын еске салды. Спорт сүйер зауыт қызметкерлері арқан тарту мен ләңгі тебуден сынға түсті.  Кәсіпорын ардагерлерінен құралған «Сударушки» тобы халық әндерін әуелетіп,  тойдың көркін қыздырды.

Мерекелік шарада сөз алған «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Ғалымжан Жусанбаев ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, Көрісу күні берекенің бастауы екенін, әрі  осы дәстүрлі мерекені бірге атап өту – ұжымдық рухты бекемдеп, өзара ынтымақ пен бірлікті одан әрі нығайта түсетінін атап өтті. 

Концерттік бағдарлама соңында қонақтар асқа толған ақ дастарханнан дәм татып, елдің амандығын тілесті.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу