Балалар ауруханасында «Тұсаукесер» рәсімі өтті

14.03.2025
214 просмотров
Балалар ауруханасында «Тұсаукесер» рәсімі өтті
Бүгін елімізде Жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталды. Ұлттық мерекені жаңаша тойлау аясында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ еліміздің әр өңірінде «Тұсаукесер» акциясын ұйымдастырды.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға арналған игі бастамаға Атырау мұнай өңдеу зауыты да қатысты.

Облыстық балалар ауруханасында өткен акцияда «АМӨЗ» ЖШС Бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Сәлімжан Нақпаев энцефалитке шалдыққан 2 жасар Айымның Бақытжан тұсауын кесті. Қазақы дәстүрмен сәбиге бата беріп, ақ жолды бейнелейтін ақ матаның үстімен алғашқы қадамдарын бастырды.

Тұсаукесерге жиналған көпшілік ақжарма тілегін жаудырып, шашу шашты. Шара соңында АМӨЗ қызметкерлері аурухана ұжымының еңбегіне толағай табыс, ал кішкентай емделушілерге мықты денсаулық пен бақытты балалық шақ тіледі.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу