«АМӨЗ» ЖШС БАҚ қызметкерлері арасында шығармашылық байқау жариялайды

31.05.2024
854 просмотров
«АМӨЗ» ЖШС (бұдан әрі – АМӨЗ) БАҚ қызметкерлері күніне орай Қазақстанның мұнай өңдеу саласының тұңғышы болып табылатын АМӨЗ қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында үздік жариялау бойынша журналистер арасында шығармашылық байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты: Қазақстандық мұнай өңдеудің рөлі мен маңыздылығы, зауыттың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру, мұнай өңдеушілердің еңбегі туралы, кәсіпорында енгізілетін экологиялық және инновациялық жобалар туралы ақпаратты көпшілікке жеткізу.

Міндеттері:

 «АМӨЗ» ЖШС-нің оң имиджін қалыптастыру;

 бейілді БАҚ, журналистер, блогерлер пулын қалыптастыру;

Өткізу тәртібі: БАҚ қызметкерлерінің компания жөніндегі авторлық материалдары (баспа және/немесе электронды форматта) бұқаралық ақпарат құралдарында/ әлеуметтік желілерде 2024 жылдың 25 маусымына дейінгі мерзімде жариялануы тиіс.

Өткізу мерзімі: 2024 жылдың 1 маусым – 25 маусым аралығы. Жеңімпаздарды марапаттау 2024 жылдың 28 маусымы – БАҚ қызмтекерлері күні қарсаңында өтетін болады.

Қатысу шарттары: конкурсқа қатысуға 2024 жылдың 1 қаңтарынан 25 маусым аралығында БАҚ-да, интернет-ресурстарда жарияланған, эфирге және әлеуметтік желілерде шығарылған БАҚ қызметкерлерінің авторлық жұмыстары жіберіледі. Авторлық жұмыстар қалың оқырман/көрермен аудиториясына бағытталуы тиіс. Материалдар қазақ және орыс тілдерінде жарияланады / шығарылады. Байқауға қатысу өтінімінде БАҚ атауы, журналисттің аты-жөні, конкурстық материал туралы ақпарат (атауы, шыққан күні, сілтемесі), пошталық және электрондық мекенжай, байланыс телефондары көрсетілуі қажет.

Критерийлер: байқауға ұсынылған материал тақырыпқа сәйкес келуі керек.

Техникалық талаптар: жарияланым көлемі міндетті түрде бос орындармен қосқанда 5000 белгіден кем емес болуы; бейнематериалдың хронометражы 1,5 мин кем емес болуы; әлеуметтік желілерде жарияланым мәтіні – 200 белгіден тұруы (кемінде 3000 жазылушысы бар автордың немесе оның серіктесінің / жұмыс берушінің қолданыстағы парақшасында) және фото/бейнематериалмен сүйемелденуі тиіс. Өтінім келесі электронды мекенжайларға жіберіледі: s.kakimzhanova@anpz.kz, r.zhanibekov@anpz.kz, a.akhmedyarova@anpz.kz

Байқау жеңімпаздары келесі номинациялар бойынша анықталады:

1. Үздік телевизиялық материал;

2. Баспа және электронды БАҚ және интернет-басылымдарда үздік жарияланым;

3. Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу