«АМӨЗ тағылымгері» бағдарламасы басталды

27.10.2023
406 просмотров
«АМӨЗ тағылымгері» бағдарламасы басталды

Атырау мұнай өңдеу зауытында «АМӨЗ тағылымгері» білім беру бағдарламасы басталды. АРЕС Training Center оқу орталығымен бірге жүзеге асырылатын жоба АМӨЗ-ді жоғары білікті кадрлармен толықтыруға бағытталған.

Бағдарламаны таныстыру шарасына «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Мұрат ДОСМҰРАТОВ, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Мұнай өңдеу және мұнай химиясы дивизионының адам ресурстарын басқару жөніндегі бизнес әріптесі Айгүл КАСЕНОВА, АРЕС Training Center басшысы Бөгенбай ТАТАЕВ, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері мен тағылымдамадан өтушілер қатысты.

Жиналғандарды жобаның басталуымен құттықтаған Мұрат Досмұратов бағдарламаның сәтті жүзеге асып, маңызды әлеуметтік бастамалардың бірі болатындығына сенім білдірді.

«Зауыт жыл сайын дамып келеді, технологиялық процестер жетілдіріліп, жаңа цифрлық шешімдер енгізілуде, сәйкесінше өндіріске білікті мамандар қажет. Сондықтан біз ҚазМұнайГаз компаниясымен бірлесіп жаңа кадрларды дайындаудың мақсатты бағдарламасын жасақтадық. Тағылымдама қызықты әрі пайдалы өтеді деп сенемін», - деді зауыт басшысы.

Бағдарлама «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Химиялық инжиниринг технологиясы», «Қайта өңдеудің химиялық технологиясы», «Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы», «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», «Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары», «Жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу», «Автоматтандыру және басқару», «БӨА инжиниринг технологиясы» мамандықтары бойынша оқуын 2019 - 2023 жж. аралығында аяқтаған колледждер мен ЖОО түлектеріне арналған. Бағдарламаға қатысуға өтінім қабылдау науқаны қыркүйек айында мәресіне жетті. Тестілеу және әңгімелесу кезеңдерінен сәтті өткен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы оқу орындарының 60 түлегі жоба қатысушысы атанды. Олар 12 ай бойына технологиялық қондырғы операторы, технологиялық сорғылар мен компресорлар машинисі және БӨАжА аспапшысы мамандықтары бойынша тағылымдамадан өтеді. Теориялық білім АРЕС Training Center оқу орталығында берілсе, практикалық дәріс АМӨЗ базасында ұйымдастырылады. Нұсқаушы-тәлімгер қызметін зауыт ардагерлері атқармақ.

Тағылымдама барысында студенттер тегін тамақпен қамтамасыз етіледі, шалғай аудандар мен өзге қалалардан келгендерге АРЕС Training Center базасында жатақхана қарастырылған. Жобаның түлектері Атырау мұнай өңдеу зауытына тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу