АМӨЗ-де сұйытылған газ энергетика министрлігінің жоспарына сай жөнелтілуде

14.09.2023
501 просмотров

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары «АМӨЗ» ЖШС БҚО және Атырау облысына сұйытылған газды автокөлікпен алып кетуді шектеді деген ақпарат таратуда.

«АМӨЗ» ЖШС бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды.

Зауыт тәулігіне 500-550 тонна сұйытылған газ өндіреді. Энергетика министрлігі бекіткен 2023 жылдың қыркүйек айына арналған жеткізу жоспарына сәйкес Атырау облысына 5 064 тонна, Батыс Қазақстан облысына 2 940 тонна сұйытылған газ бөлінген. 13 қыркүйектегі көрсеткішке сәйкес Атырау облысына 3 236 тонна, яғни жоспарланған көлемнің 64%-ы, БҚО-ға 1 288 тонна – 44% көлемінде сұйытылған газ жөнелтілді.

Жөнелту жұмыстары тұрақты, энергетика министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес жүргізілуде. Өндіріс қалыпты жұмыс істеп тұр, сұйытылған газдың тиісті көлемі уақытылы жөнелтілуде.

Шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты тарату Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауапкершілікке әкелетінін еске саламыз.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу