«Тағылымдамадан өтуші» бағдарламасы үшін хабарландыру

11.09.2023
1301 просмотров

«Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Химиялық инжиниринг технологиясы», «Қайта өңдеудің химиялық технологиясы», «Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы» «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», «Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары», «Жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу», «Автоматтандыру және басқару», «БӨА инжиниринг технологиясы» мамандықтары бойынша оқуды 2019 - 2023 жж. аралығында аяқтаған колледждер мен ЖОО түлектерінің назарына!

Сіздерді «Тағылымдамадан өтуші» зауыттық бағдарламасы аясында, кейіннен жұмысқа орналасу мүмкіндігімен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС базасында тағылымдамадан өтуге шақырамыз.

Тағылымдама бағыттары:

·        Технологиялық қондырғы операторы;

·        Технологиялық сорғылар мен компресорлар машинисі

·        БӨАжА аспапшысы;

Жобаның басталуы: қазан 2023 жыл

Жобаның ұзақтығы: 12 ай

Тағылымдаманың өндірістік бөлігі АМӨЗ-де, теориялық оқыту – АРЕС Training Center базасында өтеді.

Тағылымдамадан өту кезеңінде АМӨЗ тағылымдамадан өтушілерге: ай сайынғы жалақыны төлейді, АРЕС Training Center қонақ үйінде тұруды және тамақтануды ұйымдастырады.

Үміткерлерді іріктеу - онлайн-тестілеу және әңгімелесу форматында:

  • Технологиялық қондырғы операторы: химия, математика, логика

  • Технологиялық сорғылар мен компресорлар машинисі: физика, математика, механика
  • БӨА аспапшысы: физика, математика, логика

1. Қатысуға өтінім беру: аты-жөні, e-mail, телефоны, қай оқу орнын бітірген, мамандығы, GPA (ақпаратты manager05@apec-tc.kz электрондық мекенжайға жіберу қажет). Өтінім беру мерзімі 20.09.2023 ж. дейін;

2. Тестілеу жүйесіне сілтемені, тестілеу үшін логин мен парольді, қадамдық нұсқаулықты алыңыз (электрондық мекенжайға жіберіледі);

3. 25.09.2023ж. дейін үш пән бойынша тестілеуден өту;

4. Әңгімелесуден өту (шақыру электрондық мекенжайға жіберіледі).

Бағдарламаның барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:

Исқалиев Орынбассар, тел +7 778 025 9058, e-mail: o.iskalyev@anpz.kz

Қатысуға өтініш беру, тестілеуге сілтеме алу, әңгімелесуден өту жөнінде сұрақтар бойынша хабарласыңыз:

Гаухар Куанова, тел.: + 7 771 002 69 98, e-mail: manager05@apec-tc.kz

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу