Атырауға бір топ қоқиқаз ұшып келді

06.09.2023
1129 просмотров
Жергілікті тұрғындардың, сондай-ақ орнитолог мамандардың айтуынша, бұл аймақтан қоқиқаздарды кездестіру — өте сирек құбылыс. Демалыс орны ретінде құстар Атырау мұнай өңдеу зауыты маңындағы «Тухлая балка» аталып кеткен булану алаңдарын таңдаған.

Қазір аталмыш алаңда жергілікті әкімдік және «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ қала экологиясын жақсартуға бағытталған Tazalyq жобасын жүзеге асыруда. Булану алаңдарына Қызыл кітапқа енгізілген жабайы құстардың қонуы экологиялық жағдайдың жақсарғанының белгісі болуы мүмкін. Бұдан бөлек, бұл жерде қоқиқаздардың қоректенуіне қажетті ұсақ шаяндар шоғырланған.

«Тухлая балка» булану алаңдары 1945 жылдан бері пайдаланыл ады. 2021 жылы жалпы аумағы 1 300 га құрайтын алаңдарды рекультивациялау жобасының аясында аумақ 2 секторға бөлінді. Атырау қаласы әкімдігінің мердігер мекемесінің күшімен 476 га аумақты қалпына келтіру жалғасып жатыр. «АМӨЗ» ЖШС 860 га құрайтын аумақты рекультивациялау жұмыстарын жүргізуде.

 

Дереккөз: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу