«Жас маман» бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеу жарияланады

28.08.2023
1050 просмотров

Қазақстан-Британ техникалық университеті, Satbayev University, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті сияқты жетекші техникалық жоғары оқу орындарында және басқа да университеттерде техникалық бейіндегі негізгі зауыттық мамандықтар бойынша «Атырау МӨЗ» ЖШС қаражаты есебінен студенттерді күндізгі оқыту үшін «Жас маман» бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеу жарияланады:

-         «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»;

-         «Мұнай-газ саласының машиналары мен жабдықтары»;

-         «Автоматтандыру және басқару»;

-         «Электр энергетикасы»;

-         «Жылу энергетикасы».  

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін химия, физика, математика пәндері бойынша «өте жақсы» және «жақсы» үлгерімі бар жалпы орта білім беретін мектептердің 11 сынып түлектері, осы пәндер бойынша қалалық, облыстық, республикалық олимпиадалардың қатысушылары мен жүлдегерлері шақырылады.

Өтініштерді қабылдау 2023 жылғы 01 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.

Барлық сұрақтар бойынша Қызметкерлерді басқару бөліміне 8(7122) 259-760, 259-210 телефондары бойынша хабарласуға болады.

Өтініш үлгісі және құжаттар тізімі жоғарыда қоса берілген (қосымшаны қараңыз)


Образец-заявления.jpg


Перечень-документов-для-участия-в-конкурсе-Жас-Маман_1.jpg

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу