Компания туралы
Бос орындар
Баспасөз орталығы
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Компания туралы
Компания туралы
Компания басшылары
Тарих
Экология және қауіпсіздік
Сапа, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат
Қоршаған ортаны қорғау
Энергия тиімділігі бағдарламасы
Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары
Парниктік газдардың атмосфераға шығарындылары
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару
Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Өндірістік экологиялық мониторинг
Компанияның жеке (өндірістік) қажеттіліктеріне су тұтыну және су бұру
Еңбекті қорғау
Өрт қауіпсіздігі
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
TAZALYQ жобасы
Өнім
Өндіріс
Жалпы өсімдік шаруашылығы
Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені
Гидрогенизациялық процестер өндірісі
Мұнайды терең өңдеу өндірісі
Мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау өндірістік нысаны
ПКИС
ППНГО
Жылу және электр энергиясы өндірісі
Зауыттың орталық зертханасы
ГТЭС
ISO
Мақсаттары мен міндеттері
«АМӨЗ» ЖШС-нің саясаты
Сертификаттар
Әлеуметтік сала
Тұрғын үй құрылысы
Медицина орталық
Медициналық сақтандыру бағдарламасы
Балалар демалысы
Оқыту
Асханалар
Ардагерлерге қамқорлық
Тарих және еңбек даңқтары залы
Техникалық кітапхана
Мәдени-көпшілік шара
Әлеуметтік қолдау
Спорттық жұмыс
Активтер
Сатып алулар
Жылдық сатып алулар жоспары
Ұзақ мерзімді
сатып алулар жоспары
Нормативтік құжаттар
Қосымша ақпараттар
Мұрағат
Сатып алулар
Модернизациялау
«Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы» жобасын іске асыру
«Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені» жобасын іске асыру
Идеялар банкі
Блог
Жазбаша өтініштер
Негізгі қуатқа қол жеткізу
Компания туралы
Бос орындар
Баспасөз орталығы
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Рус
Қаз
Eng
Негізгі
Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
АМӨЗ-де алғашқы жартыжылдық қорытындыланды
АМӨЗ-де алғашқы жартыжылдық қорытындыланды
17.08.2023
1191 просмотров
«АМӨЗ» ЖШС-нің бас директоры Мұрат Досмұратовтың еңбек ұжымымен есеп беру кездесуі өтті. Зауыт басшысы үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығындағы басты өндірістік көрсеткіштер, әлеуметтік, экологиялық шаралардың нәтижелері туралы баяндап, жыл соңына дейінгі жоспарларға тоқталды.
Мұрат Досмұратов өз сөзінде жылдың алғашқы жартысы ұжым үшін күрделі болғандығын атап өтті. Технологиялық режимнің бірнеше рет бұзылуы өндірістің кідіруіне әкелді. Электр қуатының ажырауы салдарынан зауыт жұмысын бірнеше күнге тоқтатуға мәжбүр болды. Алайда, орын алған олқылықтарға қарамастан, зауыт жартыжылдыққа арналған өндірістік жоспарды орындады. Алты ай ішінде АМӨЗ 2 млн 895 мың тоннаға жуық шикі мұнай өңдеді. Жоспарланған көлем 2 млн 865 мың тонна болатын. Өндірілген тауарлық өнім көлемі 2 млн 574 мың тоннаға жетті, бұл жоспарланған көрсеткіштен 25 600 тоннаға артық. АМӨЗ шығаратын мұнай өнімдері К4 және К5 экологиялық класстарының талаптарына сәйкес келеді.
Бас директор экологиялық көрсеткіштерге де ерекше тоқталды. Бірінші жартыжылдықта АМӨЗ атмосфераға 5 436 тонна ластаушы заттар шығарды. Бұл өткен жартыжылдықпен салыстырғанда 387 тоннаға аз. Ағынды сулармен шығарылатын ластаушы заттар көлемі 3 104 тоннаны құрады. Аталмыш көрсеткіш 2022 жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда 73 тоннаға төмен. «Біз зауыт қызметінің қоршаған ортаға кері әсерін барынша азайтуға бағытталған шараларды жүзеге асыруды жалғастырамыз», - деді Мұрат Досмұратов.
АМӨЗ-де еңбекті қорғау және өндірістегі қауіпсіздікті күшейтуе бағытталған шаралар жалғасуда. Биылғы алты ай ішінде зауыт қызметкерлерінің арасында өндірістік жарақаттану, кәсіптік ауру немесе жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ. 2023 жылдан бастап ҚМГ компаниялар тобының қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың Алтын ережелерінің орнына 9 өмірлік маңызды ережелер енгізілді. Өндірістік-техникалық оқыту аясында зауыттың өндірістік персоналының 50%-дан астамы жаңа ережелермен танысып үлгерді.
Атырау мұнай өңдеу зауыты аймақ бюджетіне ең ірі салық төлеушілердің бірі болып табылады. Бірінші жартыжылдықта компания 72 млрд.теңгеден астам салық төлесе, оның 7 млрд. теңгеге жуығы республикалық бюджетке, 65 млрд.теңгеден астамы жергілікті бюджетке төленді.
Компанияда зауыт жұмысшыларының балалары қатарынан жаңа кадр даярлауға бағытталған «Жас маман» бағдарламасы жалғасуда. Биыл аталған бағдарлама бойынша 7 студент оқуын тәмамдап, 4-уі жұмысқа қабылданды. Дуалды оқыту бағдарламасы аясында 17 студент АМӨЗ базасында практикалық білім алып, олардың 9-ы зауыттықтар қатарын толықтырды.
Баяндама соңында Мұрат Досмұратов зауыт ұжымын 2023 жылдың соңына дейін белгіленген жоспарлар мен міндеттерді орындау үшін бар күш-жігерді салуға шақырды.
«Алдымызда маңызды істер тұр. Технологиялық қондырғылардың көрсеткіштерін жақсарту, мұнай өңдеу тереңдігін ұлғайту, сенімділік деңгейін арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар бар. Жыл соңына дейін Tazalyq экологиялық жобасы аясында механикалық тазарту қондырғыларын жаңғырту жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Бұл жоба Атырау қаласының атмосфералық ауасы мен экологиясын жақсартуда маңызды рөл атқарады. Аталған жоспарлар мен міндеттердің ойдағыдай іске асуы ұжымның ауызбіршілігіне, жауапкершілігі мен кәсібилігіне байланысты», - деді бас директор.
Поделиться в социальных сетях:
Назад к списку новостей
Жаңалықтар
Сурет галереясы
Бейне галереясы
Корпоративтік БАҚ
Барлығы
AMOZ Alemi газеті
Еңбек адамы
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу
Таратуға жазылу
Email
*
Жазылу
Закрыть
Жеке кабинетке кіру
Логин
Құпиясөз
Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?
немесе
тіркелу
Парольді қалпына келтіру
E-Mail:
*