АМӨЗ-дің үздік мамандары анықталды

11.08.2023
1113 просмотров
АМӨЗ-дің үздік мамандары анықталды

31 мамыр мен 28 шілде аралығында Атырау мұнай өңдеу зауытында дәстүрлі «Үздік маман» сайысының іріктеу кезеңі өтті. Зауыттықтардың кәсіби деңгейін анықтауға бағытталған байқауда «Үздік технологиялық қондырғы операторы», «Үздік технологиялық сорғы машинисі», «Үздік компрессорлық қондырғының машинисі», «Үздік химиялық талдау лаборанты» номинациялары бойынша 100-ден астам қызметкер бақ сынады.

Сайыс еңбек өтілі 3 жылдан аспайтын 30 жасқа дейінгі қызметкерлер және барлық еңбек өтілі 3 жылдан астам қызметкерлер арасында өткізіліп, іріктеу, тестілеу, практикалық тапсырмалар және қорытынды сұхбат кезеңдерінен тұрды. Алғашқы турдан сүрінбей өткен 53 үміткер тестілеу кезінде теориялық сұрақтарға жауап беріп, практикалық кезеңде алғашқы көмек көрсету, өрт сөндіру бойынша дағдылары мен кәсіби шеберліктерін дәлелдеді. Сұхбаттасу турында қатысушылар зауыт және департамент басшыларынан құралған комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

Екі айға созылған зауытішілік сайыстың жүлделі орындары келесідегідей бөлінді:

«Үздік химиялық талдау лаборанты» номинациясы бойынша

Еңбек өтілі 3 жылдан аспайтын 30 жасқа дейінгі қызметкерлер арасында:

I орын Нұршат Нәдірбай

II орын Мәдина Дәулет

III орын Динара Кенжебаева, Ақгүл Телеубаева

Еңбек өтілі 3 жылдан астам қызметкерлер арасында:

I орын Инкар Аленова

II орын Ақбота Болатова

III орын Несибели Тунгатова

 

«Үздік технологиялық қондырғы операторы» номинациясы бойынша

Еңбек өтілі 3 жылдан аспайтын 30 жасқа дейінгі қызметкерлер арасында:

I орын Абылай Рахметуллин

II орын Жасқанат Кемелхан

III орын Ардақ Сабыров, Мәди Зинолдиев

Еңбек өтілі 3 жылдан астам қызметкерлер арасында:

I орын Үрстем Канатқалиев

II орын Сұлтанбек Нұрғалиев

III орын Ерлан Мубараков, Турлыбек Кажыгалиев

 

 

 

«Үздік технологиялық сорғы машинисі» номинациясы бойынша

Еңбек өтілі 3 жылдан аспайтын 30 жасқа дейінгі қызметкерлер арасында:

I орын Шерхан Сабиров

II орын Дамир Құлтай

III орын Данияр Зинекенов

Еңбек өтілі 3 жылдан астам қызметкерлер арасында:

I орын Эльдар Каражанов

II орын Кайрат Бердимуратов

III орын Аман Кикбаев, Кайролла Иманалиев

 

«Үздік компрессорлық қондырғының машинисі» номинациясы бойынша

I орын − Айбек Оңғарбаев

II орын − Ерболат Джумагазиев

III орын − Сергей Петров, Ерлан Джумакулов

 

Сайыстың зауытішілік кезеңінде жүлделі орындарға ие болған қызметкерлерге бір күнтізбелік жыл бойы қосымша қаржы төленеді. Атап айтқанда: бірінші орынға тарифтік мөлшерлеменің – 30%, екінші орынға - 20%, үшінші орынға - 10%.

Жеңімпаз атанған қызметкерлер «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұйымдастыруымен Маңғыстау облысындағы «Қаражанбасмұнай» кәсіпорнында өтетін «Үздік маман» байқауының екінші кезеңінде зауыт намысын қорғайтын болады.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу