Н. Жақыпов пен М. Мырзағалиев АМӨЗ-де болды

10.08.2023
1043 просмотров
Н. Жақыпов пен М. Мырзағалиев АМӨЗ-де болды
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Атырау облысына жұмыс сапары барысында АМӨЗ-ге барды.

   Н.Жақыпов Атырау мұнай өңдеу зауытында кәсіпорынның 2023 жылдың 7 айында орындаған өндірістік жоспар көрсеткіштері туралы, зауыттың дербес энергия көзін қамтамасыз ету, жөндеу аралық кезеңді ұзарту және операциялық тиімділікті арттыру бағытында қолға алынған шаралары туралы баяндама тыңдады.

   Атырау мұнай өңдеу зауыты сұранысқа ие барлық мұнай өнімдерімен (автобензиндер, авиаотын, дизель отыны және т.б.) қатар, мұнай-химия өнімдерін де (бензол, параксилол) шығарады.

   Биылғы 7 айдың нәтижесінде кәсіпорын Энергетика министрлігімен келісілген индикативтік жоспарға сай көлемде шикі мұнай өңдеп, негізгі мұнай өнімдерін өндірді. 2023 жылдың 7 айында кәсіпорын шамамен 3,4 млн тонна мұнай өңдеді. Осы аралықта 111 мың тонна сұйытылған көмірсутек газын (жоспардан 9% артық), 970 мың тонна автобензин (жоспардан 14% артық), 68 мың тонна авиаотын (отынның бұл түрін сатып алуға өтінімдердің болмауына байланысты жоспардан 16 мың тоннаға төмен), 1 млн тоннадан астам дизель отынын (жоспардан 0,4% артық) өндірді.

   «Атырау мұнай өңдеу зауытында Шымкенттегі кәсіпорын шығаруға тиіс жоғары октанды бензиннің орнын толықтыру үшін АИ-95 өндірісі артты. Зауыттың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету – компанияның басым міндеттерінің бірі.    Атырау мұнай өңдеу зауытын электр қуатымен жабдықтау деңгейін күшейту үшін Газ турбиналы электр станциясын (ГТЭС) және Атырау жылу электр орталығынан электр беру желісін салу жоспарланған. Биыл 18 тамызда кәсіпорында ГТЭС құрылысына қызығушылық танытқан болашақ инвесторлар үшін Ашық есік күні өтеді», - деп атап өтті М.Мырзағалиев.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу