АМӨЗ-ге Hitachi өкілдері келді

24.07.2023
1173 просмотров
АМӨЗ-ге Hitachi өкілдері келді
Жапондық Hitachi компаниясының өкілдері АМӨЗ-де болды. Делегация құрамында компанияның вице-президенті Юичи Тацуми, Токиодағы кеңсе менеджері Алексей Скрипаенко мен Мәскеу өкілдігінің менеджері Владимир Фильманович бар. Іссапардың  басты мақсаты   АМӨЗ-дің технологиялық қондырғыларының жұмысында қолданылатын компрессорларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді ұсыну.

Hitachi компаниясының орталықтан тепкіш компрессорлары зауытты жаңғыртудың 3 кезеңі аясында мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы кезінде технологиялық қондырғыларға орнатылды. Олар реактор блогынындағы құрамында сутегі бар газдың айналымына, майлы газды қысуға және айдауға қолданылады.
АМӨЗ басшылығымен кездесу барысында Юичи Тацуми жабдықтың сенімділігін сақтау үшін жоспарлы жөндеу және қосалқы бөлшектерді ауыстыру керектігін атап өтті. «Компрессорлар – өте күрделі динамикалық жабдық. Құрылғыны жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарының біздермен бірлесіп атқарылуы маңызды», - деді ол.
АМӨЗ мамандары қонақтарға бұрын аутсорсингте болған сервистік компаниялардың функциялары биылдан бастап зауытқа кері қайтарылғанын айтып, кәсіпорынның жөндеу-механикалық цехының жұмысшыларын оқыту жөнінде ұсыныстарын жеткізді.
«Зауыттың алдында құрал-жабдықтарды жөндеу мен қызмет көрсету жұмыстарын өз күшімізбен атқару міндеті тұр. Келесі жылы зауытта қолданылатын компрессорларды өндіруші компанияларға біздің жұмысшыларымызға тренингтер өткізіп, оларды оқытуды ұсынбақпыз», - деді жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша өндірістік активтерді басқару департамент директоры Рахымжан Жанғабылов.
Юичи Тацуми өз кезегінде бұл ұсыныстың орынды екенін айтып, жапондық компрессорларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын Hitachi компаниясы бас инженерінің қатысуымен жүргізуге кеңес берді.
Одан әрі тараптар құрылғылардың қызмет ету мерзімі мен компрессорлық майлардың сапасы туралы пікір алмасып, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға сенім білдірді.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу