Ата-анам – зауыттық

14.06.2023
992 просмотров
Ата-анам – зауыттық
   Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысшыларының 200-ге жуық баласы зауытта болып, ата-аналары жұмыс істейтін өндіріспен танысты. Кішкентай қонақтардың қауіпсіздігі үшін автобус ішінде өткен экскурсия  кәсіпорынның толық ауқымын бағалауға кедергі болмады.
    Мамандар балаларға технологиялық қондырғылардың жұмыс ерекшеліктері, шығарылатын мұнай өнімінің түрлері және өндіріске енгізілген озық технологиялар туралы түсіндірді. Операторлық бөлмеге бас сұққан қонақтар зауыттағы барлық процестердің басқару пульті арқылы қалай бақыланатынын көрді. Ал музейде кәсіпорынның құрылу және қалыптасу кезеңдерімен танысты. 

   Экскурсияға қатысушылар арасында ата-анасының жолын жалғап, болашағын мұнай өңдеу саласымен байланыстырғысы келетіндер де табылды. 

   «Зауытта тынымсыз еңбек етіп жүрген ата-аналарымыздың қызметін бағалауымыз керек. Олар өте маңызды жұмыс атқарып жүр. АМӨЗ еліміздің экономикасын дамытуға ат салысады, күнделікті өмірге қажетті мұнай өнімдерін шығарады. Болашақта осында жұмыс істегім келеді, - деді 15 жасар Мансур Бекешев.

Экскурсия соңында балаларға сыйлықтар табысталып, ата-аналарымен бірге естелік суреттер жасалды.


Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу