Санитарлық екі айлыққа 1000-ға жуық зауыттық қатысты

29.04.2023
1045 просмотров
Санитарлық екі айлыққа 1000-ға жуық зауыттық қатысты
 Қаланың тазалығын сақтау мәселесіне қоғам назарын аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған санитарлық екі айлыққа Атырау мұнай өңдеу зауытының 1000-ға жуық қызметкері қатысты. 
  Бір ай бойына зауыттықтар Әуезов, Мұқанов, Шамин, Шәріпов, Песчаная көшелерінің бойын, Азаттық даңғылынан Балықшы мөлтек ауданына дейінгі, Қабдолов даңғылы бойындағы Перетаска каналынан Атамбаев көшесінің бұрылысына дейінгі аралықты, Мирный ауылының айналасын және ауыл мен АМӨЗ-дің санитарлық-қорғау аймағының аралығын қоқыстан тазартып, ағаштарды әктеді. 

  Қызметкерлер жаппай сенбілікке қатысу әлеуметтік жауапкершіліктің маңызды бөлшегі екенін алға тартады. 

 – Біздер де басқа қала тұрғындары сияқты сүйікті қаламыздың тазалығы үшін жауаптымыз. Сондықтан қала басшыларын қолдап, осындай экологиялық іс-шараларға қатысуға тиістіміз. Бұл да тимбилдингтің бір түрі – таза ауада жұмыс жасаймыз, көптен көрмеген әріптестерімізбен қауышамыз,өзге өндірістердегі қызметкерлермен танысамыз. Ал ең бастысы – қаланың экологиясын жақсартуға үлес қосамыз. Барша тұрғындарды экологиялық акцияларға белсенді қатысуға шақырамын, - дейді АМӨЗ-дің активтерді басқару бөлімінің маманы Амангүл Нұрсұлтанова.

Әр сенбілікке 2 самосвал мен 1 жүк тиегіш көлік жұмылдырылды. Екі айлық барысында территориялардан 100 текше метрден астам қоқыс шығарылды. Экологиялық акция қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу