Компания туралы
Бос орындар
Баспасөз орталығы
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Компания туралы
Компания туралы
Компания басшылары
Тарих
Экология және қауіпсіздік
Сапа, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат
Қоршаған ортаны қорғау
Энергия тиімділігі бағдарламасы
Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары
Парниктік газдардың атмосфераға шығарындылары
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару
Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Өндірістік экологиялық мониторинг
Компанияның жеке (өндірістік) қажеттіліктеріне су тұтыну және су бұру
Еңбекті қорғау
Өрт қауіпсіздігі
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
TAZALYQ жобасы
Өнім
Өндіріс
Жалпы өсімдік шаруашылығы
Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені
Гидрогенизациялық процестер өндірісі
Мұнайды терең өңдеу өндірісі
Мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау өндірістік нысаны
ПКИС
ППНГО
Жылу және электр энергиясы өндірісі
Зауыттың орталық зертханасы
ГТЭС
ISO
Мақсаттары мен міндеттері
«АМӨЗ» ЖШС-нің саясаты
Сертификаттар
Әлеуметтік сала
Тұрғын үй құрылысы
Медицина орталық
Медициналық сақтандыру бағдарламасы
Балалар демалысы
Оқыту
Асханалар
Ардагерлерге қамқорлық
Тарих және еңбек даңқтары залы
Техникалық кітапхана
Мәдени-көпшілік шара
Әлеуметтік қолдау
Спорттық жұмыс
Активтер
Сатып алулар
Жылдық сатып алулар жоспары
Ұзақ мерзімді
сатып алулар жоспары
Нормативтік құжаттар
Қосымша ақпараттар
Мұрағат
Сатып алулар
Модернизациялау
«Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы» жобасын іске асыру
«Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені» жобасын іске асыру
Идеялар банкі
Блог
Жазбаша өтініштер
Негізгі қуатқа қол жеткізу
Компания туралы
Бос орындар
Баспасөз орталығы
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Рус
Қаз
Eng
Негізгі
Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
АМӨЗ 2023 жылдың соңына дейін шығарындыларды автоматты бақылау жүйесін енгізеді
АМӨЗ 2023 жылдың соңына дейін шығарындыларды автоматты бақылау жүйесін енгізеді
10.04.2023
1135 просмотров
2023 жылдың соңына дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының төрт технологиялық қондырғысына автоматты бақылау жүйесі енгізіледі. Ал 2028 жылдың соңына дейін кәсіпорын Атырау облысының экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған кемінде бес жобаны жүзеге асырады.
Жоспарланған экологиялық жобаларды іске асырудың нәтижесінде Атырау мұнай өңдеу зауыты 2028 жылға қарай аталған нысандардан ауаға жіберілетін шығарындыларды шамамен 82%-ға, яғни 1242 тоннадан 223 тоннаға дейін төмендетуді, сондай-ақ табиғи су ресурстарын пайдалануды және өндірістік қызмет нәтижесінде бөлінетін жағымсыз иісті азайтуды жоспарлап отыр, -деді Атырауда өткен брифинг барысында зауыттың бас директоры Мұрат Досмұратов.
2023 жылдың аяғына дейін АМӨЗ-дің 4 технологиялық қондырғысына (кокс пен күкірт өндірісі, жылу және электр энергиясы өндірісі, хош иісті көмірсутектер өндірісі) автоматты бақылау жүйесі енгізіледі. Аталған қондырғылар зауыттағы ластаушы шағарындылардың негізгі көзі болып табылады. Автоматты бақылау жүйесі пештер мен қазандықтардан шығатын түтін газдарындағы күкірт диоксиді, күйе, метан, азот оксидтері, көміртегі тотығының құрамы бойынша талдау нәтижелерін автоматты түрде реттеуші органдарға жібереді.
Сондай-ақ 2023 жылдың соңына дейін АМӨЗ-де Tazalyq жобасы аясындағы ағынды суларды механикалық тазарту қондырғыларын жаңғырту жұмыстары толықтай аяқталады. Ағымдағы жылдың наурыз айында мәресіне жеткен жаңғырту жұмыстарының I кезеңі аясында 3 ашық ағынды су бассейні жойылды. Екінші кезең барысында тағы 2 бассейнді демонтаждау жұмыстары жүргізілуде. Авариялық қамба (тағы бір бассейн) шатырмен жабылып, ондағы мұнайлы қалдықтар қайта өңделеді. Нәтижесінде, АМӨЗ ағынды суларды сапалы тазартуды қамтамасыз етіп, олардан атмосфераға зиянды заттардың бөлінуін толығымен жояды.
2025 жылдың соңына дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңа сорғы стансасын салуды жоспарлап отыр. Бұл бензин құю кезінде көмірсутектердің булануын азайтады. Ал құю процесі зауыт аумағынан тыс жерде, ашық түсті мұнай өнімдерін тактілеп кұюға арналған автоматтандырылған қондырғыда жүргізіледі. Бұл зауыт аумағының газдалу қаупін жояды және көмірсутектердің булануынан бөлінетін шығарындыларды жылына 50 тоннаға дейін ұстауға мүмкіндік береді.
2025 жылдың соңына дейін зауыттағы 22 мұнай және бензин резервуарларына понтондар орнатылады. Бұл әр резервуардан ауаға жіберілетін көмірсутегі шығарындыларын 80 пайызға дейін азайтып, мұнай өнімдерінің жануына жол бермейді. 2022 жылы 3 резервуарға понтондар орнатылса, 2023 жылы тағы 7 резервуардың бетін понтонмен жабу жоспарланып отыр.
2027 жылдың соңына дейін АМӨЗ ауаға жіберілетін зиянды заттардың көлемін азайту баяу кокстеу қондырғысында буды қайтару блогын салады.
2028 жылдың соңына дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты «Сарқынды суларды тазарту қондырғысының құрылысы» жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл жоба Жайық өзенінің суын пайдалану көлемін жылына 5 млн.м3-ке дейін қысқартуға және ағынды суларды шығаруды азайтуға мүмкіндік береді.
Атап өтейік, 2022 жылы АМӨЗ-дің атмосфераға жіберген ластаушы шығарындыларының көлемі 10 412 тоннаны құрады, бұл рұқсат етілген шектен 45 пайызға аз.
Атырау МӨЗ баспасөз бөлімі
Поделиться в социальных сетях:
Назад к списку новостей
Жаңалықтар
Сурет галереясы
Бейне галереясы
Корпоративтік БАҚ
Барлығы
AMOZ Alemi газеті
Еңбек адамы
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу
Таратуға жазылу
Email
*
Жазылу
Закрыть
Жеке кабинетке кіру
Логин
Құпиясөз
Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?
немесе
тіркелу
Парольді қалпына келтіру
E-Mail:
*