АМӨЗ-дің арулары құрметке бөленді

07.03.2023
1214 просмотров
АМӨЗ-дің арулары құрметке бөленді
8 наурыз мерекесі қарсаңында Атырау мұнай өңдеу зауытының дамуына елеулі үлес қосқан арулар марапатталды.

      Салтанатты жиынға қатысқан зауыттың бас директоры Мұрат Досмұратов жиналғандарды мерекемен құттықтап, әйел затының қоғамның ілгері жылжуында атқаратын маңызды рөлін атап өтті. Нәзік жандылардың еңбектеріне табыс тілеп, өз атынан алғыс хаттармен марапаттады.

      Іс-шара барысында Атырау мұнай өңдеу зауытының бір топ қыз-келіншегі облыс және қала әкімдерінің, зауыттың кәсіподақ ұйымы төрағасының алғыс хаттарын иеленді. Сондай-ақ 8 наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған волейбол турнирінің жеңімпаздары қошеметке бөленіп, дипломдармен марапатталды.

      Мерекелік кеш қазақстандық танымал өнер ұжымының концертімен жалғасты.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу