Ақпараттық хабарлама

04.03.2023
1280 просмотров
«Атырау МӨЗ» ЖШС 2023 жылдың 3 наурызында зауыт аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізуші қосалқы мердігер компаниялардың бірінде жазатайым жағдай орын алғандығын хабарлайды.
      Оқиға механикалық тазарту қондырғыларының құрылыс алаңында жүк көтергіш техниканы маневрлеу кезінде болған.
Қосалқы мердігер компанияның зардап шеккен жұмысшысы тез арада облыстық аурухананың травматологиялық бөлімшесіне жеткізіліп, кейін алған жарақаттар әсерінен көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.
«АМӨЗ» ЖШС басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Баспасөз бөлімі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу