Компания туралы
Бос орындар
Баспасөз орталығы
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Компания туралы
Компания туралы
Компания басшылары
Тарих
Экология және қауіпсіздік
Сапа, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат
Қоршаған ортаны қорғау
Энергия тиімділігі бағдарламасы
Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары
Парниктік газдардың атмосфераға шығарындылары
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару
Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Өндірістік экологиялық мониторинг
Компанияның жеке (өндірістік) қажеттіліктеріне су тұтыну және су бұру
Еңбекті қорғау
Өрт қауіпсіздігі
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
TAZALYQ жобасы
Өнім
Өндіріс
Жалпы өсімдік шаруашылығы
Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені
Гидрогенизациялық процестер өндірісі
Мұнайды терең өңдеу өндірісі
Мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау өндірістік нысаны
ПКИС
ППНГО
Жылу және электр энергиясы өндірісі
Зауыттың орталық зертханасы
ГТЭС
ISO
Мақсаттары мен міндеттері
«АМӨЗ» ЖШС-нің саясаты
Сертификаттар
Әлеуметтік сала
Тұрғын үй құрылысы
Медицина орталық
Медициналық сақтандыру бағдарламасы
Балалар демалысы
Оқыту
Асханалар
Ардагерлерге қамқорлық
Тарих және еңбек даңқтары залы
Техникалық кітапхана
Мәдени-көпшілік шара
Әлеуметтік қолдау
Спорттық жұмыс
Активтер
Сатып алулар
Жылдық сатып алулар жоспары
Ұзақ мерзімді
сатып алулар жоспары
Нормативтік құжаттар
Қосымша ақпараттар
Мұрағат
Сатып алулар
Модернизациялау
«Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы» жобасын іске асыру
«Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені» жобасын іске асыру
Идеялар банкі
Блог
Жазбаша өтініштер
Негізгі қуатқа қол жеткізу
Компания туралы
Бос орындар
Баспасөз орталығы
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Рус
Қаз
Eng
Негізгі
Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
АМӨЗ-дің бас директоры 2022 жылды қорытындылады
АМӨЗ-дің бас директоры 2022 жылды қорытындылады
28.02.2023
1303 просмотров
«АМӨЗ» ЖШС бас директоры Мұрат Досмұратовтың еңбек ұжымымен есеп беру кездесуі өтті. Кәсіпорын басшысы 2022 жылғы өндірістік, экологиялық, әлеуметтік шаралардың қорытындылары, негізгі көрсеткіштердің орындалу барысы туралы баяндама жасап, ағымдағы жылға арналған жоспарларды нақтылады
.
Өткен жылды қорытындылай келе Мұрат Досмұратов оның зауыт үшін ауыр болғанын атап өтті. 2022 жылы зауыттағы 32 технологиялық қондырғыда кейінгі жылдар ішіндегі ең ауқымды жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылды, аппараттарды бумен тазалау операциялары жабық жүйеде, қоршаған ортаға кері әсерсіз ұйымдастырылды.
Бас директор өндірістік және экологиялық көрсеткіштерге ерекше тоқталды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша зауытта 5 224 мың тонна шикі мұнай өңделді. Мұнай өнімдерін шығару көлемі:
• АИ-92, АИ-95, АИ-98 маркалы автобензидер – 1 262 мың тонна;
• дизель отыны – 1 469 мың тонна;
• сұйытылған газ – 126 мың тонна;
• реактивті отын – 132 мың тоннаны құрады.
АМӨЗ шығаратын мұнай өнімдері К-4 және К-5 экологиялық кластарының талаптарына сәйкес келеді.
2022 жылы атмосфераға 10 400 тонна ластаушы заттар шығарылды, бұл 2021 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 1 400 тоннаға аз. Ағынды суларды жіберу көлемі 6 000 тоннаны құрады. Бұл 11 600 тоннаны кұраған шекті көрсеткіштен шамамен 2 есе төмен. Атырау мұнай өңдеу зауыты алдағы уақытта қала экологиясына оң әсер ететін жобаларды жүзеге асыруды жалғастырмақ. «Біз зауыт қызметінің экология және қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін барынша азайту үшін қажетті барлық шараларды қолға алуымыз керек», - деп бас директор өз баяндамасында атап өтті.
АМӨЗ-де халықаралық озық тәжірибе негізінде қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты кешенді іс-шаралар іске асуда. Соның нәтижесінде 2022 жылдың қорытындысы бойынша зауыт пен мердігер компаниялардың жұмысшыларының арасында өндірістік жарақаттану, кәсіптік ауру немесе жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ. 2022 жылдың қыркүйегінде «АМӨЗ» ЖШС еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бизнес-бастамаларды тиімді жүзеге асырғаны үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ атынан марапатқа ие болды.
Атырау мұнай өңдеу зауыты облыс бюджетіне ең ірі салық төлеушілердің бірі болып табылады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша компания 113 млрд теңге көлемінде салық төлесе, оның 22,6 млрд теңгесі республикалық бюджетке, қалған 90,4 млрд теңгесі жергілікті бюджетке төленді.
Мұрат Досмұратов атап өткендей, Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысшылары мекеме жетістіктерінің басты драйвері. Еңбек жағдайын үздіксіз жақсарту, әлеуметтік қолдау, мансаптық өсу мен қызметкерлердің қажеттіліктеріне назар аудару — компанияның негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. 2022 жылдың наурыз айында жұмысшыларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларының кеңеюін ескере отырып, екі жылдық жаңа Ұжымдық шартқа қол қойылды. Аталмыш келісім ҚР Кәсіподақтар федерациясының жыл сайынғы республикалық байқауында «Үздік ұжымдық шарт» деп танылды.
Атырау мұнай өңдеу зауытының 2023 жылға арналған басым міндеттері – зауыт жұмысының тиімділігін арттыру және ішкі нарықты сапалы мұнай өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз ету, мұнай өңдеу көлемін 5 400 мың тоннаға дейін жеткізу, мұнай өңдеу тереңдігін 80,15 %-ға дейін ұлғайту, мұнай өнімдерінің шығынын азайтып, технологиялық отынды жағу көрсеткішін 12,17%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Жиын соңында Мұрат Досмұратов зауыт ұжымын 2023 жылға арналған мақсат-міндеттердің жүзеге асуына белсенді араласуға шақырды.
Поделиться в социальных сетях:
Назад к списку новостей
Жаңалықтар
Сурет галереясы
Бейне галереясы
Корпоративтік БАҚ
Барлығы
AMOZ Alemi газеті
Еңбек адамы
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу
Таратуға жазылу
Email
*
Жазылу
Закрыть
Жеке кабинетке кіру
Логин
Құпиясөз
Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?
немесе
тіркелу
Парольді қалпына келтіру
E-Mail:
*