Атыраулық көпбалалы аналар өз кәсібімен айналысуға мүмкіндік алды

18.02.2023
1210 просмотров
Атыраулық көпбалалы  аналар өз кәсібімен айналысуға мүмкіндік  алды
 «Әрекет» жобасы аясында жалғызбасты, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған 100 анаға қоғамға қажетті кәсіптерді игеріп, өз кәсібімен айналысуға мүмкіндік берілді.
Оқуды аяқтаған 100 түлекке тауар түріндегі гранттар табысталды.
  Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асты. «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына, Қазақстанның басқа өңірлеріндегі жүйеқұраушы кәсіпорындар сияқты, жергілікті «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС және тағы басқа да өндіріс мекемелері кіретіні белгілі.

  Атырау облысының аналарын қамтыған жобаға "Самұрық-Қазына" АҚ портфельдік компанияларының атынан 48 миллион теңге бөлінді.

  Жобаға қатысушылар «Тігін», «Аспаздық шеберлік», «Кондитерлік іс», «Шаштараз» және «Тазалау қызметтері» бойынша теориялық білім алғаннан кейін, іс жүзінде тәжірибеден өтті.

  Кәсіби оқу курстарына қосымша «Кәсіпкерлік дағдыларды оқыту», «Контент және SMM – әлеуметтік желілерді дамыту», «Шешендік өнер, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары» бойынша курстар өткізілді. Сонымен қатар, жоба түлектеріне 2 ай бойы тәлімгер жетекшілері бірге жүріп, қолдау көрсететін болады.

  Осылайша, бірегей жобаның қатысушылары қысқа мерзімде өз ісін ашу үшін барынша білім мен дағдыларға ие болады.

- Бүгін осы жобаның әрбір қатысушысы үшін өте маңызды күн. Ірі мұнай кәсіпорны ретінде осындай әлеуметтік жобалардың жүзеге асуына септігімізді тигізе алатынымызға қуаныштымын. Түлектер жоба тиімділігін өз ісімен дәлелдейтініне сенім артамын, - деді сертификаттырды табыстау рәсімінде Атырау мұнай өңдеу зауытының жұртшылықпен байланыс, мемлекеттік органдармен, мердігерлік ұйымдармен жұмыс істеу және әкімшілік мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Серік Арыстан.

  Қазірдің өзінде жобаға қатысқан 100 ананың отыздан астамы еңбекпен қамтылып, өз табысын табуда.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу