Ақпараттық хабарлама

09.01.2023
1210 просмотров
Атырау мұнай өңдеу зауыты  09.01.2023 күні сағат 14:50-де төменгі ауа температурасының әсерінен бутендерді олигамеризациялау қондырғысының дебутанизациялау коллоннасындағы қысым датчигі істен шыққанын (қатып қалғанын) хабарлайды.  Салдарынан сағат 15:00-де қысым көтеріліп, технологиялық газ  серіппелі-қауіпсіздік клапаны арқылы факелге жіберілді.

Сағат 16:20-да қысым датчигінің жұмысы қалпына келтірілді. Қондырғы режимі технологиялық регламентке сай жүзеге асырылуда.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу