Компания туралы
Бос орындар
Баспасөз орталығы
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Компания туралы
Компания туралы
Компания басшылары
Тарих
Экология және қауіпсіздік
Сапа, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат
Қоршаған ортаны қорғау
Энергия тиімділігі бағдарламасы
Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары
Парниктік газдардың атмосфераға шығарындылары
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару
Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Өндірістік экологиялық мониторинг
Компанияның жеке (өндірістік) қажеттіліктеріне су тұтыну және су бұру
Еңбекті қорғау
Өрт қауіпсіздігі
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
TAZALYQ жобасы
Өнім
Өндіріс
Жалпы өсімдік шаруашылығы
Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені
Гидрогенизациялық процестер өндірісі
Мұнайды терең өңдеу өндірісі
Мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау өндірістік нысаны
ПКИС
ППНГО
Жылу және электр энергиясы өндірісі
Зауыттың орталық зертханасы
ГТЭС
ISO
Мақсаттары мен міндеттері
«АМӨЗ» ЖШС-нің саясаты
Сертификаттар
Әлеуметтік сала
Тұрғын үй құрылысы
Медицина орталық
Медициналық сақтандыру бағдарламасы
Балалар демалысы
Оқыту
Асханалар
Ардагерлерге қамқорлық
Тарих және еңбек даңқтары залы
Техникалық кітапхана
Мәдени-көпшілік шара
Әлеуметтік қолдау
Спорттық жұмыс
Активтер
Сатып алулар
Жылдық сатып алулар жоспары
Ұзақ мерзімді
сатып алулар жоспары
Нормативтік құжаттар
Қосымша ақпараттар
Мұрағат
Сатып алулар
Модернизациялау
«Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы» жобасын іске асыру
«Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені» жобасын іске асыру
Идеялар банкі
Блог
Жазбаша өтініштер
Негізгі қуатқа қол жеткізу
Компания туралы
Бос орындар
Баспасөз орталығы
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Рус
Қаз
Eng
Негізгі
Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
АМӨЗ қызметкерлері балаларға қуаныш сыйлады
АМӨЗ қызметкерлері балаларға қуаныш сыйлады
29.12.2022
1218 просмотров
Дәстүрге сай Жаңа жыл қарсаңында Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері қаладағы ерекше қажеттіліктері бар балаларды мерекемен құттықтап, сыйлықтар таратты.
Алдымен «Азаматтық альянс» бірлестігінің бастамасы бойынша «АМӨЗ» ЖШС кәсіподақ ұйымының қолдауымен «Өмір гүлі» мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық орталығының кішкентай тәрбиеленушілеріне арналған шырша өтті.
Мерекелік іс-шараға 60 бүлдіршін қатысты. Олар мультфильмдердегі сүйікті кейіпкерлермен бірге ән салып, би биледі. Түрлі ойындарға қатысып, жаңа жыл туралы өлең оқып, Аяз Ата мен Қаршы қыздан сыйлық алды. Жаңа жылмен құттықтап келген Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов балғындарға шат-шадыман көңіл-күй сыйлаған Атырау мұнай өңдеу зауытының ұжымына алғысын жеткізді.
- Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, демеушілік танытқан Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығына, ұжымына, кәсіподақ ұйымына Атырау қаласының әкімі атынан алғысымызды жеткіземіз. Барлығыңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын, − деді ол.
Қайырымдылық іс-шаралар легі «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігінде жалғасты. АМӨЗ-дің кәсіподақ ұйымының мүшелері мұндағы ертеңгілікке қатысып, 30 балаға жаңажылдық сыйлық тарту етті. Оңалту орталығының тәрбиеленушілері қонақтарға ән салып, көркемсөз оқыды. Ерекше балалардың ата-аналары зауыттықтардан алғыстарын аямады.
- Баламның төрт қабырғаға қарап отыруына жол бермей, осындай игі шарада балаларға Аяз Ата, Ақшақар образында тәтті көңіл-күй сыйлап, сыйлықтармен қуантып, қолдау көрсеткен «АМӨЗ» ЖШС ұжымына, кәсіподақ ұйымына алғыс айтамын, - деді ата-ана Жанна Амантайқызы.
Керемет пен сиқырға толы мереке қарсаңында АМӨЗ-дің қоршаған ортаны қорғау бөлімінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт және газ қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің мамандары да игілікті істің бастамашысы болды. Олар Бесікті орта мектеп интернатының тәрбиеленушілеріне өз қаражаттары есебінен сыйлық жасап, мерекемен құттықтады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы Арман Димукашев бүлдіршіндердің дендеріне саулық пен армандарының орындалуын тіледі.
Ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған осындай мерекелік акциялар АМӨЗ мен салалық кәсіподақтың ежелден келе жатқан дәстүрі болып табылады.
Баспасөз қызметі
Поделиться в социальных сетях:
Назад к списку новостей
Жаңалықтар
Сурет галереясы
Бейне галереясы
Корпоративтік БАҚ
Барлығы
AMOZ Alemi газеті
Еңбек адамы
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу
Таратуға жазылу
Email
*
Жазылу
Закрыть
Жеке кабинетке кіру
Логин
Құпиясөз
Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?
немесе
тіркелу
Парольді қалпына келтіру
E-Mail:
*