АМӨЗ қызметкерлері жұмысшының құқығын қорғау туралы семинарға қатысты

08.12.2022
1313 просмотров
АМӨЗ қызметкерлері жұмысшының құқығын қорғау туралы семинарға қатысты
АМӨЗ қызметкерлері жапондық методикаға негізделген «Компанияларда адам құқығы саласында тиісті абайлаушылықты енгізу мен жүзеге асыру» тақырыбындағы семинарға қатысты. Тренингте бизнестегі жауапкершілікті арттыру мен жұмысшының әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқығын қорғау стандарттары талқыланды.

    Жапонияда бастау алған бұл жоба компания қызметкерлерінің құқықтары қорғалмауы кесірінен келтірілетін залалды мейлінше азайтуға бағытталған. Күншығыс елінің үкіметі Қазақстанды аталмыш ғаламдық жобаға қатысуы  тиіс 17 елдің қатарына қосқан. Жобаның мақсаты - жапондық компанияларда, олардың серіктестері мен тасымалдаушы мекемелерде жауапты іскерлік тәжірибе идеясын насихаттау.  
    Жапония премьер-министрінің адам құқығы саласындағы халықаралық мәселелер жөніндегі арнайы кеңесшісі Ген Накатани семинарға қатысушыларға видеоүндеу жолдап, тренингтің оң нәтиже беретіндігіне сенім білдірді. Ал қазақстандық мамандар болса жиналғандарды кәсіп жүргізудің басты принциптері, адамның халықаралық деңгейде мойындалған құқықтары, тиісті абайлаушылық жөніндегі ұлттық жоспар мен заңдылық, арыз берудің механизмдері туралы хабардар етті. Қатысушылар үйреніп-білгендерін өз компанияларында іс жүзінде қолдану үшін бірнеше мысалды талқылады.
    Семинар қатысушылары қазіргі заманда жұмыс беруші жұмысшының құқығына айтарлықтай әсер ете алатынын, сондықтан кез-келген тәуекелді уақытылы анықтау, ескерту және болдырмаудың маңызды екендігін атап өтті.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу