Жоспарлы-алдын алу жөндеу кезінде АМӨЗ-де СМГ өндіру жөнінде ақпараттық хабарлама

11.11.2022
597 просмотров
Жоспарлы-алдын алу жөндеу кезінде АМӨЗ-де СМГ өндіру жөнінде ақпараттық хабарлама
Атырау облысында орын алған сұйытылған мұнай газының (әрі қарай - СМГ) тапшылығына қатысты хабарлаймыз:
«Атырау МӨЗ» ЖШС-нің өндірістік бағдарламасы ай сайын жасақталады. Зауытта жүргізіліп жатқан жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын ескере отырып жасақталған өндірістік бағдарламаға сәйкес, 1-8 қараша аралығындағы СМГ өндіру көлемі 427 тоннаны құрады. 9 қарашадағы көрсеткіш бойынша 640 тонна СМГ өндіріліп, жөнелтілді. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 212 тоннаға артық.
СМГ-ны өндіру көлемін арттыру жөндеу жұмыстары кезінде облыста газ дефицитін болдырмау үшін жасалған. Бұған қосымша облысты СМГ-мен қамтамасыз ету үшін 9 қарашадан бастап «ПХСНГ» ЖШС-де қазан айынан бері зауыттың техникалық қажеттіліктері үшін сақтаулы тұрған 270 тонна СМГ жөнелтіле бастады.
Қазан-қараша айына жоспарланған СМГ өндіру көлемі жөнінде  «АМӨЗ» ЖШС жөндеу жұмыстары басталмас бұрын Энергетика Министрлігі мен Атырау қаласының әкімдігіне ресми түрде хабарлады.
Жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін АМӨЗ-де СМГ өндіру көлемі тәулігіне 350-400 тоннаны құрайды деп күтілуде.

Баспасөз-бөлімі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу