Компания туралы
Бос орындар
Баспасөз орталығы
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Компания туралы
Компания туралы
Компания басшылары
Тарих
Экология және қауіпсіздік
Сапа, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат
Қоршаған ортаны қорғау
Энергия тиімділігі бағдарламасы
Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары
Парниктік газдардың атмосфераға шығарындылары
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару
Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Өндірістік экологиялық мониторинг
Компанияның жеке (өндірістік) қажеттіліктеріне су тұтыну және су бұру
Еңбекті қорғау
Өрт қауіпсіздігі
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
TAZALYQ жобасы
Өнім
Өндіріс
Жалпы өсімдік шаруашылығы
Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені
Гидрогенизациялық процестер өндірісі
Мұнайды терең өңдеу өндірісі
Мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау өндірістік нысаны
ПКИС
ППНГО
Жылу және электр энергиясы өндірісі
Зауыттың орталық зертханасы
ГТЭС
ISO
Мақсаттары мен міндеттері
«АМӨЗ» ЖШС-нің саясаты
Сертификаттар
Әлеуметтік сала
Тұрғын үй құрылысы
Медицина орталық
Медициналық сақтандыру бағдарламасы
Балалар демалысы
Оқыту
Асханалар
Ардагерлерге қамқорлық
Тарих және еңбек даңқтары залы
Техникалық кітапхана
Мәдени-көпшілік шара
Әлеуметтік қолдау
Спорттық жұмыс
Активтер
Сатып алулар
Жылдық сатып алулар жоспары
Ұзақ мерзімді
сатып алулар жоспары
Нормативтік құжаттар
Қосымша ақпараттар
Мұрағат
Сатып алулар
Модернизациялау
«Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы» жобасын іске асыру
«Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені» жобасын іске асыру
Идеялар банкі
Блог
Жазбаша өтініштер
Негізгі қуатқа қол жеткізу
Компания туралы
Бос орындар
Баспасөз орталығы
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Рус
Қаз
Eng
Негізгі
Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
АМӨЗ қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
АМӨЗ қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
23.10.2022
1285 просмотров
Республика күні қарсаңында мұнай-газ саласының дамуына үлес қосқан АМӨЗ-дің бірқатар қызметкері мемлекеттік марапаттарға ие болды.
Республика күні қарсаңында мұнай-газ саласының дамуына үлес қосқан АМӨЗ-дің бірқатар қызметкері мемлекеттік марапаттарға ие болды.
ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев зауыттың бас инженері Рахымжан Жанғабыловқа «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстаса, Kazenergy Ассоциациясының төрағасы Тимур Құлыбаев АМӨЗ-дің «Орталық зауыт зертханасы» сынақ орталығы басшысының орынбасары Сәния Меңдібаеваны III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапаттады.
Мерекеге орай Атырау облысының әкімдігі ұйымдастырған салтанатты іс-шарада аймақ басшысы Серік Шәпкенов АМӨЗ-дің хош иісті көмірсутектер өндірісінің технологиялық қондырғы машинисі Рахмет Түсіповке ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін табыстады.
Атырау мұнай өңдеу зауытында да мерекеге орай салтанатты жиын өтті. Бас директор Мұрат Досмұратов жиналғандарды ұлттық мерекемен құттықтап, кәсіпорынның бірқатар жұмысшысына төс белгілер мен грамоталар табыстады.
АМӨЗ басшысы құттықтау сөзінде тәуелсіздігіміз ұлықталатын Республика күні мерекесінің еліміздің тарихында алатын орны туралы айтты. Аумалы-төкпелі заманда елдің берік іргесін сақтай отырып, саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік дамудың маңыздылығын атап өтті. Мұрат Досмұратов сондай-ақ ұлттық экономиканы өркендетуде АМӨЗ-дің атқаратын айрықша рөліне тоқталды.
«Зауытта жүріп жатқан жөндеу-алдын алу жұмыстары технологиялық құрылғылардың жұмысын жақсартып қана қоймай, өндірісті экологиялық тұрғыдан таза, экономикалық тұрғыдан тиімді жүргізуге септігін тигізеді. Бұл мақсаттарға жету үшін ұжымдағы әр қызметкердің табысты жұмысы маңызды. Зауытың білікті кадрлары өз қызметтерінде заманауи технологияларды кеңінен пайдалануда. Сондықтан, кәсіпорынның ел экономикасына қосатын үлесін арттыруға бағытталған жоспар орындалады деп сенемін», - деді зауыт басшысы.
Ресми кезеңнен кейін Мұрат Досмұратов еселі еңбегімен ерекше көзге түскен зауыт жұмысшыларына төсбелгілер табыстады. Атап айтқанда, гидрогенизациялық процестер өндірісі каталитикалық крекинг нафтасын іріктеп сутектендіру қондырғысының бастығы Абат Ислямов «Самұрық-Қазына» АҚ мерекелік төсбелгісімен наградталды. Гидрогенизациялық процестер өндірісінің технологиялық қондырғы операторы Бексұлтан Дүйсенғұл «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ естелік белгісімен марапатталды. Хош иісті көмірсутектер өндірісінің технологиялық компрессорлар машинисі Қанат Кубиев пен мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдаудың тауар операторы Аманқос Джайлаубаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Құрмет грамотасын» иеленді.
Іс-шара соңында АМӨЗ-дің бастауыш кәсіподақ төрағасы Ғалымжан Амантурлин жиналғандарды мерекемен құттықтап, зор денсаулық пен табысты жұмыс тіледі.
Баспасөз қызметі
Поделиться в социальных сетях:
Назад к списку новостей
Жаңалықтар
Сурет галереясы
Бейне галереясы
Корпоративтік БАҚ
Барлығы
AMOZ Alemi газеті
Еңбек адамы
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу
Таратуға жазылу
Email
*
Жазылу
Закрыть
Жеке кабинетке кіру
Логин
Құпиясөз
Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?
немесе
тіркелу
Парольді қалпына келтіру
E-Mail:
*