АМӨЗ басшысы 2022 жылғы бірінші жартыжылдықтың жұмысын қорытындылады

22.08.2022
802 просмотров

2022 жылдың 19 тамызында Атырау мұнай өңдеу зауытында бас директордың зауыттың еңбек ұжымымен есептік кездесуі өтті.


«АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Мұрат Досмұратов өз есебінде кәсіпорын қызметінің өндірістік-экономикалық көрсеткіштеріне, есепті кезеңнің жоспарына енгізілген кадрлық және әлеуметтік бағдарламаларына назар аударды. Ол зауыттың бірінші жартыжылдықта барлық жоспарланған қаржылық және өндірістік міндеттерді орындағанын баса айтты. Мәселен, 2022 жылдың 6 айында зауыт 2 681 мың тонна шикі мұнай өңдеді, бұл жоспардың 108,1% - ын құрады. Атырау мұнай өңдеу зауытынан Қазақстан Республикасының бюджетіне 49 млрд теңгеге жуық салық түсті, соның ішінен республикалық бюджетке - 10 млрд теңге, жергілікті бюджетке - 38 млрд теңгеден астам салық түсті.

Содан соң кәсіпорын басшысы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы оң көрсеткіштерді атап өтті. Есепті кезеңде АМӨЗ-де бірде-бір жазатайым оқиға немесе өндірістік жарақат тіркелген емес. Зауыт басшысы коронавирусқа қарсы вакцинацияның жалғасып жатқан науқанына және өндірісте ұжымдық иммунитетті дамыту қажеттілігіне де көңіл аударды. Бүгінгі күні зауытымыздан 83,7%-дан астам қызметкер қайта вакцинацияланды.

Қорытындылай келе, Мұрат Досмұратов ұжымға жақсы қызметтері үшін алғысын білдіріп, 2022 жылдың екінші жартысына арналған мақсаттар мен міндеттерді белгіледі: қоршаған ортаға теріс әсерді азайту, мұнай өңдеу бойынша өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу, өндірістегі жазатайым оқиғаларға жол бермеу, қарыздар төлеу бойынша міндеттемелерді орындау.

 Баспасөз қызметі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу