Ақпараттық хабарландыру

16.06.2022
708 просмотров

«Атырау МӨЗ» ЖШС 2022 жылдың 16-17 маусымында зауытта жөндеу жүргізу мақсатында СӨҚ-1 сутегін тазарту қондырғысы тоқтатылатынын хабарлайды. Жөндеу құрамында сутегі бар газды (СГ) тазалауға арналған адсорберге жүргізіледі.

Қондырғы тоқтатылған кезеңде құрамында сутегі бар газ одан әрі өртеу үшін технологиялық қондырғылардан газдарды қауіпсіз шығаруды қамтамасыз ететін алау жүйесіне жіберілетін болады.

Алау басы жану шүмегіне ауа беру арқылы бағанадан шығарылатын технологиялық газдың толықтай жануын және көмірсутектердің бейтараптандырылуы мен олардың СО2 және буға толық конверсиялануын қамтамасыз етеді.

Демек, толық жану нәтижесінде алау басына түскен құрамында сутегі бар газдан улы газ (СО) түзілмейді.

Барлық алау бағаналары желдің күші мен бағытына қарамастан жану өнімдерінің толық таралуына кепілдік береді. Бұл ретте газдардың шоғырлануы рұқсат етілген нормалардан аспайды, бұған зауыттың периметрі бойынша орнатылған мониторинг аспаптары дәлел бола алады.

Қоғаммен байланыс бөлімі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу