«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының жұмыс сапары

08.06.2022
660 просмотров
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының жұмыс сапары

7 маусымда "ҚазМұнайГаз "ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Атырау облысына жұмыс сапары аясында "АМӨЗ" ЖШС басшылығымен кездесті. Мұнай-газ компаниясының басшысы мұнай өңдеу зауытында жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобалардың іске асырылу барысымен танысты.

"АМӨЗ" ЖШС Бас директорының міндетін атқарушы Рахымжан Жанғабылов М.Мырзағалиевке зауыттың 2021 жылғы өндірістік қызметінің қысқаша қорытындысын және биылғы жоспарларымен таныстырып, жаңғырту нәтижелері мен әлеуметтік жобалар туралы айтып берді.

Бұдан әрі басқарма төрағасы Атырау МӨЗ-не өндірістік техникалық газдарды (сутегі мен азот) жеткізумен айналысатын "Эр Ликид Мунай Тех Газы" ЖШС өкілдерімен кездесті.

М.Мырзағалиевке сондай-ақ механикалық тазарту құрылыстарын, нормативтік тазартылған ағын су арналарын қайта жаңартуды, булану алаңдарын рекультивациялауды көздейтін "TAZALYQ" жобасының іске асырылу барысы туралы ақпарат берілді. Бағдарлама 2023 жылдың соңында аяқталады деп күтілуде.

- Бұл өте маңызды жоба, оның аяқталуын Атырау облысының барлық тұрғындары күтуде. Сондықтан біз оның тезірек жұмыс істеуі және өзінің тиімділігін көрсетуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз, - деп атап өтті "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

 Қоғаммен байланыс бөлімі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу