Бар жақсылық - балаларға!

01.06.2022
657 просмотров
Бар жақсылық - балаларға!

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 28 мамыр күні «Атырау МӨЗ» ЖШС «Менің сүйікті қалам» атты асфальтта балалар суретінің конкурсын ұйымдастырды.


Дәстүрлі акция қалалық Ретропаркте өтті. Асфальт жолдар бірнеше сағат ішінде түрлі-түсті және жарқын суреттермен жабылды. Ұйымдастырушылар атап өткендей, іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты балалардың көркемдік қабілеттерін дамыту болып табылады.

Көңілді сайысқа 6 жастан 14 жас аралығындағы барлығы  118 ұл мен қыз балалар қатысты. Олардың қатарында «АМӨЗ» ЖШС аутсорсингтік компаниялары мен зауыт қызметкерлерінің балалары ғана емес,  «Шаңырақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері де болды.

Мерекелік іс-шараға қатысушылар үшін арнайы аниматорлар шақырылып, концерттік эстафета және басқа да қызықты байқаулар өткізілді.

Сонымен қатар бұл күні аула командалары арасында футболдан турнир ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша балаларға марапаттар мен сыйлықтар табысталды. Ешкім бей-жай қалмады: балалардың жүзі қуанышты күлкі мен жарқын эмоциялар бөленді.

Айта кету керек, зауыт үшін балаларға арналған суреттер байқауы бірінші жыл өткізіліп отырған жоқ және ол жыл сайынғы дәстүрге айналды.

 

Қоғаммен байланыс бөлімі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу