Ақпараттық хабарлама

26.05.2022
651 просмотров

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, АЛАЯҚТАР!

«АМӨЗ» ЖШС және оның лауазымды тұлғаларының атынан электрондық пошта, интернеттегі веб-сайттар, сондай-ақ басқа да қолжетімді байланыс арналары арқылы түрлі жалған ақпараттар таратылып жүргендігі анықталды. Сонымен қатар материалдық көмек көрсетуге сұраныс және сыйақы алу арқылы мәселелерді шешуге жәрдемдесу бойынша ұсыныстармен «АМӨЗ» ЖШС лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлерінің атынан жалған сөйлеген алаяқтардың телефон қоңыраулары тіркелді.

«АМӨЗ» ЖШС өз қызметінде ҚР заңнамасына, корпоративтік этика кодексіне және өзге ішкі саясат пен рәсімдерге сәйкес бизнесті жүргізудің ашықтығын насихаттауда сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне нөлдік төзімділік қағидатын қатаң ұстанатынын ресми түрде мәлімдейді.

«АМӨЗ» ЖШС алаяқтардың айла-амалдарына бой алдырмауды және барлық күдікті хабарламалар туралы төмендегі байланыстар бойынша хабарлауды сұрайды:

Комплаенс қызметі

тел.: +7 (7122) 259796/259794

WhatsApp: 87075552105

e-mail: compliance@anpz.kz

Қауіпсіздік қызметі

тел.: +7 7122 259692

Есіңізде сақтаңыз:

«АМӨЗ» ЖШС өз қызметкерлерін жұмысқа қабылдау процестерінің кез келген кезеңінде өтініштерді беру, құжаттарды өңдеу, оқыту немесе тауарларды сатып алу, жеткізу және қызмет көрсету үшін ақы алмайды.

«АМӨЗ» ЖШС банктік шоттарға қатысты ақпараттарға немесе дербес деректерді қорғау туралы заңнаманың күші қолданылатын басқа да жеке ақпаратқа өтініш тастамайды.

«АМӨЗ» ЖШС қызметі туралы барлық ақпарат компанияның ресми сайтында және корпоративтік порталында орналастырылған.

«АМӨЗ» ЖШС жоғарыда айтылған өтініштерге қатысты сақ және абай болуын сұрайды.

Мұндай алаяқтардың құрбандары тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жүгіне алады.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу