С.Өтебаев атындағы АтМГУ "қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі" және "органикалық заттардың химиялық технологиясы" білім беру бағдарламаларының студенттері "өндірістегі еңбек қауіпсіздігі: заманауи тәсілдер" тақырыбында семинарға қатысты.
Студенттер алдында лектор ретінде "АМӨЗ" ЖШС еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі бастығының міндетін атқарушы Арман Димукашев сөз сөйледі.
Екі сағаттық семинар аясында ол болашақ мамандарға кәсіпорынның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданыстағы саясатын және еңбек қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін арттыру және өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша іске асырылып жатқан іс-шараларды көрсетті.
А. Димукашевтің айтуынша, 2021 жылы Атырау МӨЗ-де бірде-бір өндірістік жарақат тіркелген жоқ және кәсіпорын алдағы уақытта да бұл нәтиженің оң болуын көздейді.
Дәріс барысында студенттер зауытта жұмыс істеп тұрған "ISO 45001:2018 стандарты бойынша кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты басқару жүйесі" халықаралық стандартымен және зауыт 2021 жылы сәтті енгізген "Near Miss" ықтимал қауіпті жағдайларды анықтау, есепке алу және тергеу бағдарламасымен танысты. Осы бағдарламалардың арқасында зауытта қызметкерлердің қауіпсіздік деңгейі жоғарылайды, жұмыс орнындағы тәуекелдер төмендейді және қауіпсіз еңбек жағдайлары жасалады.
"Қызметкерлердің өндіріс қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың барлық талаптарын қатаң сақтауы біздің кәсіпорынның табысты болуында негізгі рөл атқарады. Сондықтан болашақ инженерлер мен технологтар осы тақырыпқа қызығушылық танытқанына қуаныштымыз. Түлектердің жақсы теориялық базасы мен практикалық тиімді жұмыс істейтін дағдыларының болуы Қазақстан Республикасының мұнай - газ саласында перспективалы кадрларды қалыптастырудың кепілі болып табылады", - деді А.Димукашев.
"Осындай дәрістер студенттерге құнды практикалық білім алуға мүмкіндік береді.Студенттер өндірістегі қауіпсіздік тақырыбына тереңірек үңіліп, алынған ақпаратқа өте риза болды.АМӨЗ басшылығына осындай кездесулерді ұйымдастырғаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз",- деп бөлісті мұнай-химия инженериясы және экология институтының деканы Айгүл Бұқанова.
Айта кетейік, АМӨЗ мен С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті алтын серіктес болып табылады.Зауыт университетке материалдық-техникалық базаны дамытуға көмектеседі, дарынды студенттерді стипендиялармен марапаттап, оқушыларға зауытта практикалық-модульдік және дуальді оқытудан өтуге мүмкіндік береді.
Қоғаммен байланыс бөлімі
Назад к списку новостей