Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Атырау мұнай өңдеу зауытында дизель отынымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Алғашқы болып АМӨЗ бас директоры Арман Қайырденов сөз сөйледі. Зауыт басшысы кәсіпорынның 9 айдағы өндірістік көрсеткіштері туралы баяндады. Мәселен, мұнай өңдеу көлемі 4 006 000 тоннаны, автобензин өндірісі 935 738 тоннаны, дизель отыны - 1 168 276 тоннаны, шикізатты өңдеу тереңдігі - 76,06% - ды құрады.
Зауыт директоры хабарлағандай, дизель отынына байланысты мұнай өнімдері нарығындағы ағымдағы жағдайға байланысты Атырау МӨЗ қондырғыларын жөндеу жоспарланған.
Министрге ішкі отын нарығындағы қазіргі жағдай туралы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының мұнай және мұнай-химия өңдеу жөніндегі орынбасары Данияр Тиесов баяндады. Оның айтуынша, отандық мұнай өңдеу зауыттары максималды жүктеме режимінде жұмыс істейді. Мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру бекітілген жоспардан асыра жүргізілуде.
«Айта кету керек, тамыз-қыркүйек айларында Қазақстанда дизель отынын нормадан тыс жоғары тұтынуы тіркелді. Бұның себебі, дизель отынының бағасы төмен болғандықтан, оның транзиттік жүк көліктерімен ағыны орын алды. Бүгінгі таңда осы жағдай қолмен басқару режиміне көшті. Энергетика министрлігі нарықты тез арада тұрақтандыру және сапалы отынмен қамтамасыз ету міндетін қойды. Күн сайын Шымкент зауытында шамамен 5,5 мың тонна дизель отыны, Атырау зауытында 4,4 мың тоннаға жуық дизель отыны өндіріледі«, – деп хабарлады Д.Тиесов. Осы жылдың 9 айында үш мұнай өңдеу зауыттарында 3,7 млн. тонна дизель отыны өндірілді. Басқарма төрағасының орынбасары қыркүйек айында жинау науқанына өтінімдер толығымен жабылды, ал дизель отыны оларға жеңілдетілген бағамен сатылғанынатап өтті.
Өз кезегінде Энергетика министрі мұнай өңдеуші компаниялардың басшыларынан кәсіпорындардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді талап етті. »МӨЗ» басшылығы мен ұжымының бірінші кезектегі міндеті зауыттың сенімді және тұрақты жұмыс істеуі болып табылатынын ерекше атап өткім келеді. Зауыттың істен шығуына әртүрлі себептерді айтуға болады. Алайда елімізде мұндай жағдай енді қайталанбауы тиіс», - деді Мағзұм Мырзағалиев.
Басқарма басшысы автожанармай құю станцисында сатылатын дизель отынының сапасына да тоқталды. «ҚазМұнайГаздан» барлық жеткізу тізбегі бойынша: МӨЗ-ден АЖҚС-қа дейін жанар -жағармай материалдарының сапасын бақылау жүйесі бойынша ұсыныстар енгізуді сұраймын:», - деп қорытындылады министр.
Кеңес қорытындысы бойынша Мағзұм Мырзағалиев ұлттық компанияға барлық МӨЗ-дің тұрақты жұмыс істеуін, сондай-ақ Атырау МӨЗ-іне электр энергиясын үздксіз жеткізу бойынша шараларды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Назад к списку новостей