Қауіпсіздік басты назарда

12.10.2021
1184 просмотров

7 қазан күні АМӨЗ бас директоры Арман Қайрденовтың зауыт ұжымымен жоспарлы есептік кездесуі өтті.

     Зауыттың бас директоры өз есебінде басты назарды қауіпсіздікке және еңбекті қорғауға аударды. 2021 жылдың бірінші жартысында Атырау МӨЗ-де бірде-бір өндірістік жарақат тіркелген жоқ.

      - Атырау мұнай өңдеу зауыты үшін еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік сөзсіз басымдық болып табылады. Сондықтан біз зауыттың барлық қызметкерлеріне,сондай-ақ біздің аумақта қызмет көрсететін мердігер және аутсорсингтік ұйымдардың қызметкерлеріне қатысты қауіпсіздік пен бақылауды қамтамасыз ету функциясын орындаймыз. Қауіпсіз еңбек жағдайын үнемі бақылау және жақсарту мақсатында біздің кәсіпорында заманауи технологиялар енгізілді, - деді зауыт директоры А.Қайрденов.

     Сондай-ақ, өз есебінде бас директор кәсіпорынның жарты жыл  ішіндегі өндірістік-экономикалық көрсеткіштерін, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және COVID-19 таратпау жөніндегі, өндірістік жарақаттану мен денсаулықты қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

     Кездесу соңында зауыт директоры жыл соңына дейін АМӨЗ үшін қойылатын мақсаттар мен міндеттерді белгіледі. Атап айтқанда, өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу: өңдеу тереңдігі, ашық түсті өнімдердің шығуы, шығынды азайту, валюталық қарыздарды жаңғыртуға және олардың үлесін төмендетуге қайта қаржыландыруды жалғастыру.

     

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу