АМӨЗ 8 айдың ішінде 3 521 026 тонна мұнай өңдеді

04.10.2021
1261 просмотров

Атырау МӨЗ 2021 жылдың 8 ай ішінде мұнай өңдеу көлемі 3 521 026 тоннаны құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 265 мың тоннаға артық.

Бұл ретте, тауарлық дизель отынын өндіру дәл осы кезде 1 027 123 тоннаны құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 10,5 мың тоннаға жоғары; тауарлық автобензин өндіру 835 099 тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 144 535 тоннаға жоғары; РТ маркасының тауарлық авиаотынын өндіру 8 айда 82 949 тоннаны құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 26 766 тоннаға артық.

Атырау МӨЗ-де жоғары сапалы мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту 2010-2017 жылдары жүргізілген өндірісті ауқымды жаңғыртудың арқасында мүмкін болды.

 

Қоғаммен байланыс бөлімі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу