Зауыт қызметкерлері сенбілікте 35 текше метр қоқыс жинады

14.06.2021
1219 просмотров
12 маусымда қалыптасқан дәстүр бойынша зауытта сенбілік өткізілді. 

АМӨЗ және мердігер ұйымдардың 200-ден астам қызметкері зауыт ішінде, сондай-ақ Қабдолов көшесінің бойындағы іргелес аумақтарды тазалады.

Барлығы 3 бірлік арнайы техника (2 самосвал және 1 тиегіш) жұмылдырылды.

Тазалау нәтижесінде зауыттың ауданы мен оған іргелес аумақ айтарлықтай өзгерді.

Сенбілік қорытындысы бойынша барлығы 35 текше метр түрлі қоқыс жиналды және шығарылды (құрғақ бұтақтар, шөп, ҚТҚ).

Осылайша зауыт жұмысшылары өздерінің кәсіпорындары мен қалаларының тазалығына өз үлестерін қосты.

Экологияға қамқорлық жасау-АМӨЗ қызметінің басымдықтарының бірі. Зауыт қызметкерлері кез-келген экологиялық бастамаларды қолдайды және өз жобаларын жүзеге асырады. Осылайша зауытта қоқыстарды сұрыптау және бөлек жинау енгізілуде. Сенбіліктер үнемі өткізіліп тұрады, жыл сайын санитарлық-қорғау аймағының аумағында және Атыраудың өзінде ағаштар отырғызылады.

 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу