АМӨЗ кәсіподағы зауыттықтардың еңбек өмірінің сапасын жақсартуда

22.06.2021
1184 просмотров

Атырау мұнай өңдеу зауытына Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин келді. Онымен бірге зауытқа "Атырау облысының Кәсіподақ орталығы" Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Истурган Баймұханов келді.

    Қонақтар зауыт аумағында орналасқан медициналық орталықтың жұмысымен және қызметкерлерді вакцинациялау барысымен танысты. Қызметкерлерді басқару және еңбекақы төлеу департаментінің директоры С.Арыстанның айтуынша, АМӨЗ-дің 700-ге жуық қызметкері коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды. Зауыт жұмысшыларының негізгі бөлігі ресейлік "Спутник V" препаратын таңдады.

    С.Дәулеталин онда АМӨЗ кәсіподағының қолдауымен өткен жылы екі ӨЖЖ аппараты бар медициналық орталықтың жабдықталуына оң баға берді.

   Зауыт аумағын аралау кезінде "АМӨЗ" ЖШС кәсіподақ ұйымының төрағасы Ғалымжан Амантұрлин қонақтарға жаңғырту нәтижелері, оның аясында енгізілген технологиялық қондырғылар, өндірістік қызмет туралы айтып берді. Сондай-ақ, кәсіподақ қозғалысының көшбасшысы жаңартылған зауыт мұражайына барып, құрметті қонақтар кітабына қол қойды.

   Кейін дөңгелек үстелде Г.Амантурлин қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі шаралар туралы хабарлады. Оның айтуынша, бұл мәселелердің барлығы еңбек қатынастарын реттеуші – Әлеуметтік әріптестіктің пәрменді құжаты болып табылатын ұжымдық шарт арқылы сәтті шешілуде.

"Осындай үлкен кәсіпорында қызметкерлердің еңбек өмірінің сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін нормаларға қол жеткізе алғаныңыз қуантады. Біз осындай кәсіподақты мақтан тұтамыз", - деді С.Дәулеталин.

 Сондай-ақ, кеңесте ол Федерация «Нұр Отан» партиясымен еңбек жанжалдарының алдын алу және шешу жүйесін жетілдіруді, ішкі еңбек нарығын қорғауды және басқаларды көздейтін меморандумға қол қойғанын айтты.


Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу