«Бүгін біздің кәсіби мерекеміз. Химия – бұл шынымен де ғажайыптар саласы, онда адамзаттың болашағын жасырынған. Осы мереке күні сіздерге адал еңбектеріңіз үшін алғыс айта отырып, кәсіби табыс тілеймін!» деп, шараны Атырау МӨЗ бас директоры Данбай Шухрат ашты. Ол зауыт қызметкерлерін, аутсорсингтік компания қызметкерлерін, сондай-ақ іс-шараға келген қонақтарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Іс-шара аясында саланың дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Атап айтқанда, Химия өнеркәсібі қызметкері күніне орай Алғыс хаттармен зауыттың 14 қызметкері марапатталды. ҚР жоғары оқу орындарының дарынды түлектерін тарту, іріктеу және дамыту бағдарламасына белсенді қатысқан 5 тәлімгер «Жас Өркен» құрмет белгілерімен марапатталды. «Еңбек ардагері» медалімен зауыт ардагері Сергей Немцев, «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгісімен ХКӨ ауысым бастығы Руслан Имангалиев және ХКӨ технологиялық компрессорлар машинисі Канат Кубиев марапатталды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрмет грамотасы ХКӨ операциялық үйлестірушісі Виталий Браташовқа табыс етілді. Зауыт жұмысшыларын АМӨЗ бас директоры Данбай Шухрат, бас директордың бірінші орынбасары-бас инженер Рахимжан Жангабылов және АМӨЗ кәсіподақ ұйымының төрағасы Галимжан Аманурлин марапаттады. Сондай-ақ, іс-шара аясында зауыттың еңбек сіңірген қызметкері және ардагері Қанат Қабденовты еске алуға арналған шағын футбол мен үстел теннисінен спорттық турнирдің қорытындысы бойынша зауыт қызметкерлерін марапаттау өтті. Үстел теннисінен бірінші орынды Ақпараттық технологиялар бөлімінің бағдарламалық өнімдер жөніндегі маманы Владислав Тен алды. Ал шағын футболдан - команда капитаны Багитжан Успанов бастаған Жылу және электр энергиясы өндірісінің командасы жеңімпаз атанды. Бұл күні зауыт жұмысшыларын құттықтауға Қазақстанның мұнай-химия саласына мамандар даярлайтын оқу орындарының басшылары келді: Сафи Өтебаев атындағы АтМжГУ ректоры Гульзада Шакуликова зауыт жұмысшыларына «Тұрақты даму» бағдарламасы бойынша MBA оқуға 3 білім грантын және бакалавриат бойынша оқуға 5 грант табыстады. «АМӨЗ» ЖШС баспасөз қызметі
Назад к списку новостей