4 маусымда Атырау МӨЗ-де өртті жою бойынша ауқымды оқу-жаттығу өтті. Оған Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-мен бірлесіп «Өрт сөндіруші» АҚ Атырау облысы филиалының барлық бөлімшелері қатысты.
Атырау МӨЗ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің бастығы Руслан Ильясов атап өткендей, іс-шараның мақсаты зауытта болуы мүмкін өрттерді сөндіруге дайындық деңгейін анықтау және өрт кезінде қолда бар құралдарды басқару дағдыларын пысықтау болып табылады. Жоспарға сәйкес, қаныққан газдарды газфракциялау қондырғысында газды бензин жіберіліп, кейіннен өрт шықты. Өртті сөндіруге Атырау облысының «Өрт сөндіруші» АҚФ №16 өрт сөндіру авариялық-құтқару бөлімінің ресурстары жұмылдырылды: 10 бірлік негізгі және 1 бірлік арнайы өрт сөндіру автотехникасы және Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ құрамында 4 бірлік негізгі өрт сөндіру автотехникасы. Барлығы жеке құрамнан 48 адам жұмылдырылды. Ұйымдастырылған бірлескен іс-қимылдардың арқасында шартты өрт 22 минут ішінде жедел жойылды, оның барысында қойылған барлық мақсаттар пысықталды.Зауыт басшылығы өткізілген оқу-жаттығуға оң баға берді. Атырау МӨЗ республикалық маңызы бар стратегиялық маңызды объект болып табылады. Өрт-тактикалық оқу-жаттығулар ықтимал штаттан тыс жағдайларға жедел ден қою мақсатында кәсіпорында тұрақты түрде өткізіледі. АМӨЗ жұртшылықпен байланыс қызметі
Назад к списку новостей