2021 жылы "АМӨЗ" ЖШС санитарлық-қорғау аймағының аумағында 12 мың ағаш пен бұта көшеттерін отырғызу жоспарлануда.
Бүгін Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай зауыт жұмысшылары санитарлық-қорғау аймағының аумағына 500 түп көшет отырғызды.Акцияға 100-ден аса АМӨЗ қызметкері қатысты.
Зауыт ұжымы қарағаш, терек, тал, шаған, павловния және айлант сияқты жергілікті тұзды топырақтарда тіршілік ету қабілеті жоғары ағаштарды таңдады. Әсіресе, айлант ағ қарағаш ашы газ бен шаңнан жақсы ауа тазартқыш болып табылады. Сонымен қатар, бұл ағаштың жапырақтары вирусқа қарсы және бактерияға қарсы қасиеттерге ие.
"Экологиялық іс-шараларға қатысу Атырау мұнай өңдеу зауыты үшін жақсы дәстүрге айналған, сондай-ақ қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. 2020 жылы "Атырау қаласының таза ауасы" республикалық экологиялық жобасы аясында зауыт жұмысшылары Сарқамыс шағын ауданында 1000 - ға жуық ағаш көшеттерін отырғызды", - деді Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Жанна Мурсалиева.
Бүгінгі таңда санитарлық аймақта 224 гектар жердің барлығы көгалдандырылған. Оның өзіндік суару жүйесі бар, соның арқасында ағаштардың өмір сүру деңгейі артады. Сонымен қатар, ағаштарды зиянды жәндіктерден химиялық өңдеу үнемі жүргізіледі.
2021 ж. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары тобы үшін экология жылы деп жарияланғанын атап өткен жөн. Осыған байланысты Атырау МӨЗ жоспарланған табиғат қорғау шаралары шеңберінде барлық міндеттемелерді қатаң орындауға ерекше назар аударады.
Назад к списку новостей