Атырау МӨЗ де қоқыстарды сұрыптау енгізілуде

25.01.2021
1382 просмотров
Атырау МӨЗ  де қоқыстарды сұрыптау енгізілуде

"Жасыл кеңсе" экологиялық жобасын іске асыру аясында Атырау МӨЗ-де қоқысты бөлек жинауды енгізу басталды. Ол үшін зауыт аумағында 38 мамандандырылған қоқыс алаңы жабдықтала бастады. Олардың әрқайсысында әр түрлі контейнерлер, атап айтқанда, шыныны, қағазды, пластикті және сұрыпталмайтын қалдықтарды бөлек жинауға арналған төрт бір кубтық ыдыс, бір сегіз кубтық құрылыс қоқысына арналған контейнер орнатылады. Шөптер мен бұтақтарға арналған бөлек торлы контейнерлер қарастырылған. Қалдықтарды сұрыптау қоқысты одан әрі өңдеу үшін бөлуге мүмкіндік береді.

57 үш секциялы эко-урна өндірістік цехтардың әкімшілік-тұрмыстық корпустарында, ал жыл соңына дейін тағы 39 дана кеңсе ішінде орнатылатын болады.

         Жаңа урналарды пайдалану оңай: контейнерлер қалдықтардың түріне қарай түсі бойынша ерекшеленеді: "қағаз" – көк түс, "пластик" – сары түс, "шыны" – қызыл түс, "сұрыпталмайтын қалдықтар" – сұр түс. Әрбір бөлікте қалдықтарды сұрыптау ережелері мен шектеулер туралы толық ақпарат бар.

         Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды және зауыт аумағынан шығаруды мердігерлік ұйым жүзеге асырады. Сұрыпталмаған қалдықтар "Спецавтобаза" ЖШС қоқыс полигондарына, ал сұрыпталатындар - мамандандырылған кәсіпорындарға өңдеуге жіберіледі.

         Экологиялық жобаны енгізе отырып, "АМӨЗ" ЖШС мұнайлы өлкедегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлесін қосуда.

         "Жасыл кеңседен" басқа Атырау мұнай өңдеу зауытында ҚР Экологиялық кодексі аясында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда. Олардың ішіндегі ең ірісі Tazalyq жобасы болып табылады, оның шеңберінде механикалық және биологиялық тазарту құрылыстарын қайта жаңарту және булану алаңдарын рекультивациялау жүргізіледі.

 

 

 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу