АМӨЗ кәсіподақ ұйымының белсенділері марапатталды

14.10.2020
1355 просмотров

Қазақстан кәсіподақтар күніне және ҚР Кәсіподақтар федерациясының құрылғанына 30 жыл толуына орай "АМӨЗ" ЖШС-де зауыттың бірқатар қызметкерлері мен ардагерлері марапатталды.

     Ұжымды атаулы күндермен құттықтай келе Атырау мұнай өңдеу зауытының кәсіподақ комитетінің басшысы Ғалымжан Амантурлин қызметкерлердің құқығы мен мүдделерін қорғаудағы кәсіподақтың маңызын атап өтті.  Сонымен қатар шараға қатысып отырған жандардың кәсіподаққа сіңірген еңбектерін елеусіз қалдырмады.

         ҚР Кәсіподақтар федерациясының 30 жылдығына арналған мерейтойлық Құрмет грамотасымен зауыттың кәсіподақ ұйымының төрағасы Ғалымжан Амантұрлин және кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Бақыт Өтебалы, ҚР Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен - "ОЗЗ" со химиялық талдау зертханашысы, цехком төрағасы Райхан Хасанова марапатталды. Атырау облысы әкімінің Алғыс хатына әкімшілік бөлімінің бастығы Галина Гизатуллина, ал өнімді өндіру және сату есебі бойынша жетекші есепші, зауыт басқармасының цехкомының төрағасы Татьяна Калентьева-облыстық мәслихаттың Алғыс хатына ие болды. ППНГО операциялық үйлестірушісі Құсайын Орынбасаров, зауыт ардагерлері тілек Ділмағамбетова және Наталья Каримова "АМӨЗ"ЖШС кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасын алды. Бұл жерде зауыт кәсіподағының төрағасы болған Қ.Орынбасаровтың, ал Т. Ділмағамбетова мен Н. Кәрімовтің көп жылдар бойы цех комитеттерін басқарған және кәсіподақ белсенділерінің алдыңғы қатарында болған еңбегін атап өтпеске болмас. Зауыт кәсіподағының атына кейінгідей алғыс сөздер айтылды. – Бұл менің алғашқы алғыс хатым. Еңбегімнің жоғары бағаланғандығы үшін өте қуаныштымын, көп рахмет, - деді Т. Калентьева. - Өз зейнеткерлері туралы ұмытпайтын және әрқашан бізге қамқорлық жасап жүретін сүйікті кәсіпорыныма алғысымды білдіремін, - деп атап өтті Т.Ділмағамбетова.

 

«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу