Тазалық – саулық негізі

08.06.2020
1357 просмотров
Тазалық – саулық негізі

Сенбілік зауыттықтар үшін өзгермес дәстүрге айналған. Бүгін ,6 маусым күні, 700 ден аса зауыт қызметкерлері кәсіпорын аумағын ретке келтіруге шықты. 

Сенбілікке қатысушылар барлық құрал жабдық, қолғап пен басқа да керек-жарақтармен қамтамасыз етілді. Іс-шараға 11 бірлік техника жұмылдырылды.

_«Кәсіпорынымыз күннен күнге таза, әдемі болып, көз алдымызда дамып келеді.  Бүгінде зауыттың көркейіп, жақсы болуына ат салысып, дәстүрді жалғастыруға үлес қосып жүрген әріптестерімді көріп, мені мақтаныш кернеуде»,-_ дейді сенбілік қатысушысы , CCR каталитакалық риформинг қондырғысының операторы Ислам Ибрайов.


Сенбілік қорытындысы бойынша арнайы полигонға шамамен 47 текше метр қоқыс пен 2 тонна металл сынығы құрал-жабдықтар базасына шығарылды. Қоқыстардың көпшілігі-бетон сынықтары, металломдар, шөптер, қамыс және құрғақ бұтақтар.


Біздің әріптестеріміз арадағы қашықтықты сақтай отырып, барлық сақтық шараларын ұстанып, тазалық жұмыстарын жүргізді.





«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу