Іс-шараны ұйымдастырудың басты мақсаты - карантин кезінде үйде отырған зауыт пен мердігер ұйымдардың балаларының көркемдік қабілеттерін дамыту болды. Сайыс шарттары бойынша әрбір қатысушы өзінің бір ғана туындысын қарастыруға бере алды. Бұл ретте қолдан жасалған туындының жанрлық ауқымы шектелмеген: сурет, панно, кесте, шілтер, кәдесый бұйым, безендіру. Байқауда 6-12 жас аралығындағы 62 бүлдіршін бақ сынасты. Олардың шығармашылығының негізгі тақырыптары қоғамның бірлігі мен тұтастығы, коронавирустық инфекциямен күрес және әрине, зауыт жөнінде болды. Биылғы жылғы сайыс қортындысын ашық дауыс беру арқылы АМӨЗ қызметкерлерінің телеграмм чатында шығарылды. Нәтижесінде 6-9 жас аралығындағы Аяулым Құмарованың және 10-12 жас аралығындағы Бексұлтан Сайынның жұмыстары ең көп дауыс жинады. «Ерекшелігі үшін» номинациясын Каролина Тергушева иеленсе, Диана Утегалиева «Шығармашылығы үшін» номинациясына ие болды, ал «Қызықты графикалық тәсіл үшін» номинациясын - Айназ Әділбай қанжығасына байласа, Юрий Карпов «Ашық түстер мен қызықты техникалық шешім үшін» номинациясын жеңіп алды. Бірінші орын алған балаларға 40 мың теңгеге балалар дүкенінің сертификаттары табыс етілді. Екінші және үшінші орын иегерлеріне-тиісінше 30 және 20 мың теңгеге дәл сондай сертификаттар берілді. Номинанттар 15 мың теңгеден сертификаттар алды, қалған қатысушылар – 10 мың теңгелік сертификаттарға ие болды. COVID-19 таралуына байланысты қойылған шектеулер негізінде балаларды жинамау туралы шешім қабылданып, сертификаттар ата-аналарына табыс етілді.
"АМӨЗ" ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі
Назад к списку новостей