Ұлы жеңістің 75- жылдығына арнап АМӨЗ «Ұрпақ алғысы» акциясын өткізді

11.05.2020
1185 просмотров
Ұлы жеңістің  75- жылдығына арнап АМӨЗ «Ұрпақ алғысы» акциясын өткізді

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Атырау мұнай өңдеу зауыты дәстүрлі "Ұрпақ алғысы" акциясын өткізді, оның барысында Ұлы Отан соғысының тірі қалған жалғыз қатысушысы, Зауыт ардагері Валентина Коноплеваға, сондай-ақ зауытта жұмыс істеген соғыс ардагерлерінің 4 жесіріне, 29 тыл еңбеккерлеріне, 10 Ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге, 2 Чернобыль АЭС апатты жоюшыларға және ерекше қауіпті аймақта қызмет еткен 3 адамға құрмет көрсетілді.

Акция ұйымдастырушылары зауыт кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары, "Нұр Отан" партиясының төрағасы Б. Өтебалы, қызметкерлерді басқару бөлімі бастығының орынбасары М. Есполова, әйелдер кеңесінің төрағасы С. Шапабаева және жас мамандар кеңесінің төрағасы Б. Дүйсенғұлдың атынан аталған тұлғалардың үйлеріне барып, оларға ақшалай қаражат пен азық-түлік жиынтығын табыс етілді.

 Валентина Львовна Коноплева биылғы ақпан айында 97 жасқа толды. Ол радиолокаторлық ротада қызмет етті және бүкіл Ұлы Отан соғысынан өтті. Берлинді алғаннан кейін Қиыр Шығыс фронтына жіберілді. Бейбіт уақытта АМӨЗ №2 цехында 30 жылдан астам жұмыс істеді. Бақыт Өтебалы Бас директор Ш. Данбай атынан Валентина Львовнаны Жеңістің мерейтойымен құттықтап, оған зор денсаулық және ұзақ өмір тіледі.

Нелли Васильевна Вербицкая-Ұлы Отан соғысына қатысушы, зауыттың бұрынғы бас инженері С. Петросянның жесірі, АМӨЗ басшылығына тұрақты қамқорлығы мен ықыласы үшін үлкен алғыс білдірді. АМӨЗ №2 цехында қызмет еткен Ұлы Отан соғысының ардагері Сәлім Қуанғалиевтің жары Мухлиса Қуанғалиева да зауыттан сыйлық алып, қуаныштан шыққан жасын жасыра алмады. Фаина Георгиевна Портнова- Ұлы Отан соғысында мүмкіндігі шектелген Зот портновтың жесірі. 1946 жылы олар №441 зауытта бірге жұмыс істей бастады. Аз уақыт өткен соң Фаина Георгиевна басқа ұйымға ауысып кетсе де зауыт тарапынан әлі күнге дейін көңіл бөлініп отырғандығын жасырмады.


 Карантинге байланысты жасы келген жандармен сөйлесуге шектеу қойылды, акцияның басқа қатысушыларына ақшалай сомма жеке шоттарына аударылды.

 

«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі


 

 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу