Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін АМӨЗ викторина өткізу арқылы атап өтті

11.05.2020
1181 просмотров
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін АМӨЗ викторина өткізу арқылы атап өтті

"АМӨЗ" ЖШС еңбек пен қоршаған ортаны қорғау және азаматтық қорғаныс департаменттің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған викторина өткізді.  "Аман" жобасы аясында және жалпы республикалық "Біз біргеміз" акциясының аясында ұйымдастырылған Зияткерлік ойын зауыттың барлық өндірістік бөлімшелерінде өткізілді.

 

Іс-шараны өткізудің басты мақсаты өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін арттыру болып табылады. Викторина сұрақтары коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты қазіргі жағдайды ескере отырып жасалғанын атап өту қажет. Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін білуден басқа, өндіріс қызметкерлері COVID-19 және оның алдын алу туралы толық хабардар екендіктерін көрсетті. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Бірқатар зауытшылар ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Сонымен қатар, басты сыйлық "4 адамға пикникке арналған сөмкелер" де ойнатылды. Олардың бірінің иесі КУГБД аға операторы Виктор Константинов болды, ол викторинаның бес сұрағына дұрыс жауап берді: «Жұмыс орнында қауіпсіздік техникасын сақтау - бұл біз міндетті түрде орындауымыз керек басты талаптардың бірі. Осындай викторина өз білімдерін тексеруге мүмкіндік береді. Мен бүгін суперпризді жеңіп алдым,бұл тамаша нәтиже".

 

«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі

 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу