Атырау МӨЗ де өндірілетін мұнайхимия өнімдері бензол мен параксилол REACH халықаралық сертификациясынан өтіп, Еуропалық одақ елдеріне экспортқа шығуға мүмкіндік алды.
REACH сертификатына тек қана халықаралық сапа сертификаты бар ғана емес, сонымен қатар ЕО регламентінің талаптарына сай келетін өнімдер ие болатындығын атап өту керек. REACH сертификатын ресімдеу бірнеше кезеңдерде жүргізілді, оның барысында тіркеу нөмірін алу үшін барлық қажетті құжаттама дайындалды, импорттаушы – ұйымды, яғни "АМӨЗ" ЖШС химиялық заттар жөніндегі Еуропалық агенттікте (ECHA), сондай-ақ деректерді бірлесіп беру жүйесіне (Joint Submission) қосылу жүргізілді.
Еске сала кетейік, жаңғырту кезінде АМӨЗ де салынған ароматикалық көмірсутектерді өндіру кешені жылына 133 мың тонна бензол мен 496 мың тонна параксилол өндіре алады. Бензол Ресей Федерациясына экспортталады.
«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс қызметі
Назад к списку новостей