ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары АМӨЗ-ге келді

30.03.2020
1153 просмотров
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары АМӨЗ-ге келді

2020 жылдың 13 наурызында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшелері Атырау МӨЗ-де болды.

Мәжілісмендер "АМӨЗ" ЖШС Бас директоры Ш. Данбаймен бірге зауыт аумағын аралап, зауытты жаңғырту барысында құрылған жаңа өндіріс – хош иісті көмірсутектерді шығару және мұнайды терең өңдеу кешенінің жұмысымен танысты. Каталитикалық крекинг орнату алаңында депутаттар зауыттың жас мамандарымен әңгімелесті.

Содан кейін парламенттік делегация оқу орталығына барды. Компьютерлік сыныпта депутаттарға АМӨЗ қызметкерлерінің кәсіби білім деңгейін бақылау қалай жүргізілетіні туралы айтылып, басқарудың тарату жүйесінің компьютерлік тренажер–симуляторлары көрсетілді, онда пульт-операторлары практикалық дағдыларды жетілдіреді және өндіріс үшін қауіпсіз режимде түрлі техникалық жағдайларды пысықтайды.

Мәжілісмендер жақында ашылған коворкинг-орталықты қарап шығып, зауыт жұмысшыларымен әңгімелесіп, алған әсерлерімен бөлісті.

Омархан Өксікбаев, Парламент мәжілісінің депутаты: "Жаңғырту нәтижелері айқын, біз бүгін осыған көз жеткіздік. Зауыттың жоғары сапалы өнімі экспорттық нарыққа шықты, бұл да үлкен жетістік. Осы тұрғыдан алғанда, дәл осы өнім сапасына қатысты АМӨЗ басқа да отандық қайта өңдеу кәсіпорындары үшін үлгі болуы тиіс. Бүгін аралау барысында зауыттың бас директоры мұнайды бастапқы өңдеу нысандарын жаңғырту мәселесін көтерді және бұл дұрыс. Мен қолдаймын, мүмкіндігінше бұл мәселені уәкілетті органдарға жеткізуге тырысамын".

Петр Шарапаев, Мәжіліс депутаты: "Біз бүгін АМӨЗ-де үлкен жұмыс жүргізіліп жатырғандығын көрдік. Кәсіпорын әлемдік стандарттарға сәйкес келуге ұмтылып келеді және көп нәрсе персоналдың іс-әрекетіне байланысты екенін түсіне отырып, оларды оқытуға және кәсіби өсуге көп көңіл бөледі. Бұған бүгін көрген оқу орталығы дәлел. Зауыт жастары-бұл жаңа технологияларды білетін, көздерінде жалыны бар жігерлі жігіттер-бұл 21 ғасырдың мамандары". 

 

«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс қызметі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу